• Мое избранное
Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысына толықтыру енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 731 Қаулысы

Редакция 26.11.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарлама бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 29, 225-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мынадай мазмұндағы 24-1-жолмен толықтырылсын:
«
 
24-1 Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту ҚР Үкіметінің қаулысы ЭДСМ 2011 жылғы маусым -
                                                    ».
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 29 маусымдағы
 № 731 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарлама
Бағдарламаның құрылымы
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Ағымдағы жағдайды талдау
4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы
индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері
5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
6. Қажетті ресурстар
7. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
1. Бағдарламаның паспорты
1-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.11.2014 жылғы № 1235 Қаулысымен (29.06.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Атауы                Қазақстан Республикасында
                      мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті (бұдан әрі
                      – МЖӘ) дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға
                      арналған бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама).

Әзірлеу үшін
негіздеме           «Қазақстан Республикасын үдемелі
                      индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010
                      – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама
                      және Қазақстан Республикасы Президентінің
                      кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану
                      туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
                      2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы

Салалық бағдарламаны
әзірлеуге және іске
асыруға жауапты
мемлекеттік орган   Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және
                      сауда министрлігі

Мақсаты             ҚР-да мемлекеттік-жеке меншік әріптестік
                      тетіктерін пайдалана отырып, инвестициялық
                      жобаларды іске асу үшін заңнамалық және
                      институционалдық негіз құру

Міндеттері          Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай
                      міндеттерді орындау қажет:
                      МЖӘ саласындағы заңнаманы жетілдіру;
                      МЖӘ негізінде жобаларды дайындау және іске
                      асыру үдерістерін тиімді жоспарлау мен басқару
                      жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;
                      халыққа қызмет көрсетудің сапасы арқылы жобаны
                      іске асыру тиімділігін бағалау өлшемдерін
                      белгілеу;
                      МЖӘ саласында мамандар даярлауды және олардың
                      біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету.

Іске асыру
мерзімдері
(кезеңдері)         Бағдарламаны іске асыру 2011 – 2015 жылдарға
                      жоспарланған

Нысаналы
индикаторлары       Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін қолдана отырып, 
                      инвестициялық жобаларды іске асыру 2015 жылы 2008 жылмен 
                      салыстырғанда кем дегенде 2 есеге ұлғаяды

Қаржыландыру
көздері мен
көлемдері           Бағдарламаны іске асыру мемлекеттік бюджет
                      қаражаты есебінен қаржыландыруды талап етпейді
2. Кіріспе
Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық даму – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленді.
Бағдарламаны әзірлеу қажеттілігі МЖӘ саласында мемлекеттік саясатты дамытуға негізделген.
МЖӘ әлемге кеңінен таралып, өзін қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыруға жеке кәсіпкерлік субъектілерін тарту бойынша тиімді де ықтимал тетіктердің бірі ретінде танытты.
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін қолдану мемлекетке де, бизнесті дамытуға да бірқатар артықшылық береді. Жеке сектор үшін жаңа инвестициялық мүмкіндіктер және тиісінше жаңа кіріс көздері, ірі жобаларға қатысу мүмкіндіктері туады. МЖӘ мемлекеттің дәстүрлі жауапкершілік салаларында жеке меншік сектордың ресурстық және зияткерлік әлеуетін пайдалануды болжайды.
Халықаралық практикада МЖӘ-нің көпшілік мақұлдаған анықтамасы жоқ, жалпы МЖӘ тиісті шарттарда анықталатын тәуекелдерді, пайда мен шығындарды, құқықтар мен міндеттерді теңгерімді бөлу жағдайында мемлекет жауапкершілігінің дәстүрлі саласына жататын салалардағы мемлекет пен жеке сектордың өзара тиімді ынтымақтастығын білдіреді.
Халықаралық практикада МЖӘ-нің екі нысаны бөлінеді: институционалдық және келісімшарттық.
Қазақстанның көлік және энергетика секторында жобаларды іске асыру кезінде концессия шартының негізінде МЖӘ-нің келісімшарттық нысанын қолданудағы тәжірибесі мен заңнамасы бар.
МЖӘ тетігі бойынша қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асырудың құқық қолдану практикасын одан әрі кеңейту үшін Қазақстан осы саладағы құқықтық және институционалдық негізін жетілдіруі керек.
Осыған байланысты Бағдарлама мемлекеттің дәстүрлі жауапкершілік салаларында МЖӘ тетіктерін дамыту үшін шешімдерді талап ететін бірқатар маңызды міндеттер шеңберін айқындайды.
Бағдарламада МЖӘ тетігін пайдалана отырып, іске асырылатын жобалардың инвестициалық тарымдылығын арттыру үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған шаралар берілген.
3. Ағымдағы жағдайды талдау
3.1. Саланың ағымдағы жағдайын, сондай-ақ аталған саланың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалын бағалау
Әлемдік практика мемлекеттік ресурстардың шектеулігі жағдайларында объектілерді құру, жаңғырту, ұстау және пайдалану үшін қажетті қаржылық базаны қамтамасыз етудің баламалы құралдарының бірі МЖӘ тетігі болып табылатынын көрсетіп отыр.
МЖӘ тетігін пайдаланған кезде мемлекет пен жеке сектордың өзара пайдалы ынтымақтастығының тиімділігін арттыру, ұсынылатын қызметтер сапасын көтеру, экономиканы әртараптандыру үшін қажетті инфрақұрылымды жеделдетіп жаңғырту мүмкіндігі пайда болады.
Халықаралық практикаға сәйкес нақты елде МЖӘ-ні дамыту үш кезеңді білдіреді: дайындау, енгізу және жетілдіру. Дайындау кезеңінде мемлекеттер халықаралық тәжірибені зерделейді, қолданыстағы заңнамаға талдау жасайды, МЖӘ саласындағы жалпы мемлекеттік саясатты айқындайды және кей уақытта пилоттық жобаларды іске асыруды бастайды. МЖӘ-ні енгізу кезеңі мынадай бірқатар шараларды болжайды: заңнаманы қалыптастыру, әдістемелік нұсқаулықтар мен басшылықтарды әзірлеу, МЖӘ-нің мамандандырылған органын құру, МЖӘ-ні қолдану аясын кеңейту және т.б.
Жетілдіру кезеңі МЖӘ саласындағы белсенділіктің өсуімен және жобалардың күрделілік деңгейінің артуымен сипатталады. Осы кезең заңнаманы, сондай-ақ МЖӘ жобаларын іске асыру үлгілерін одан әрі жетілдіруді болжайды.
Осы уақытта Қазақстанда дайындық кезеңі өтті және МЖӘ-ні енгізу үдерісі басталды деп сендіруге болады («Концессиялар туралы» Заң қабылданды, концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құрылды, концессиялық жобаларды іске асыру басталды).
Қазақстанда МЖӘ тетіктерін қолданудың заңнамалық негізі концессиялар шарттары бойынша туындаған өзара қарым-қатынастарды реттеу бөлігінде 1991 жылы салынған.
«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының бірінші Заңы Қазақстан Республикасының аумағында объектілерді шетелдік инвесторларға концессияға берудің ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық талаптарын реттеп берді.
«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы (бұдан әрі – Заң) 2006 жылы қабылданғаннан кейін мемлекеттік меншік объектілерін құру құқығын шетелдік инвесторларға ғана емес, алайда Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғаларға да беру мүмкіндігі пайда болды.
Заңда концессияның құқықтық талаптары концессионерді мемлекеттік қолдау мен оны жасасу үдерісінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу, концессия шарттарын орындау және тоқтату түрлері айқындалды.
Концессияны қазіргі заманғы анықтамасы – концессия шарты бойынша мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жақсарту және тиiмдi пайдалану мақсатында уақытша иеленуге және пайдалануға беру, сондай-ақ концессионердiң қаражаты есебiнен мiндеттi түрде қаржыландыра отырып және мемлекетке бере отырып, концессионерге иелену, пайдалану және билiк ету құқығын берiп, не онсыз, жаңа объектiлердi концессионер қаражаты есебiнен құру (салу) құқықтарын беру.
Үздік халықаралық практиканы ескере отырып, заңнаманы жетілдіру мақсатында 2008 және 2010 жылдары мемлекеттің бірлесіп қаржыландыруы түріндегі мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді қоспағанда, концессия жөніндегі заңнамаға объектілерді концессияға беру бөлігінде мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту мен концессиялық жобалардың тартымдылығын арттыру, инфрақұрылымдық облигациялар шығару міндеттілігін алып тастау рәсімдері мәселелері бойынша бірқатар түзетулер енгізілді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда көлік және энергетика салаларында 5 концессиялық жоба іске асырылу сатысында:
1) «Шар – Өскемен станциясы» теміржол желісін салу және пайдалану;
2) Ақтау қаласының халықаралық әуежайының жолаушылар терминалын салу және пайдалану;