Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Отправить по почте
Экспорттаушылардың шығындарын өтеу жолымен отандық өнімді сыртқы нарықтарға шығару бойынша мемлекеттік қолдау көрсетудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1265 Қаулысы
«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Экспорттаушылардың шығындарын өтеу жолымен отандық өнімді сыртқы нарықтарға шығару бойынша мемлекеттік қолдау көрсету қағидалары мен шарттары;
2) экспорттау кезінде экспорттаушылардың шығындары өтелетін отандық өнім түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы экономиканың шикізаттық емес секторының экспортын дамыту және ілгерілету жүйесінің сервистік институты және операторы (бұдан әрі - оператор) болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - уәкілетті орган) заңнамада белгіленген тәртіппен:
екі апта мерзімде Индустрия және жаңа технологиялар, Экономикалық даму және сауда, Ауыл шаруашылығы министрліктері өкілдерінің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасының және заңды тұлғалардың салалық емес бірлестіктері (бизнес-қауымдастықтар) өкілдерінің қатысуымен Экспорттаушылардың шығындарын өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрсын;
«Экспорт 2020» экспортты дамыту және жылжыту бағдарламасын іске асыру кезінде экспорттаушылардың шығындарын өтеу бөлігінде оператордың әкімшілік шығыстарын көрсетілген Бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен бөлінген соманың 1 (бір) пайызынан аспайтын мөлшерде өтеуді көздесін.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 29, 225-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мынадай мазмұндағы 22-1-жолмен толықтырылсын:
«
22-1 | Мыналарды: Экспорттаушылардың шығындарын өтеу жолымен отандық өнімді сыртқы нарықтарға шығару бойынша мемлекеттік қолдау көрсетудің қағидалары мен шарттарын, экспорттау кезінде экспорттаушылардың шығындары өтелетін отандық өнім түрлерінің тізбесін әзірлеу. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИЖТМ | 2010 жылғы қазан |
».
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1265 қаулысымен бекітілген
Экспорттаушылардың шығындарын өтеу жолымен отандық өнімді сыртқы нарықтарға шығару бойынша мемлекеттік қолдау көрсету қағидасы мен шарттары 1. Жалпы ережелер
1. Осы Экспорттаушылардың шығындарын өтеу жолымен отандық өнімді сыртқы нарықтарға шығару бойынша мемлекеттік қолдау көрсету қағидасы мен шарттары (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысына сәйкес әзірленді және отандық өнімді сыртқы нарыққа шығаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына мемлекеттік қолдау көрсету тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Мемлекеттік қолдау экспорты кезінде экспорттаушылардың шығындары өтелетін және осы Қағиданың талаптарына сай келетін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын отандық өнім түрлерінің тізбесінде (бұдан әрі - тізбе) көрсетілген отандық өнімді сыртқы нарықтарға шығаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларына (бұдан әрі - Экспорттаушылар) беріледі.
3. Гранттарды ұсынған кезде мемлекеттік қолдау отандық өнімді сыртқы нарықтарға шығару кезінде Экспорттаушылар шеккен шығындарды іс-шаралар бойынша және ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде өтеу (бұдан әрі - шығындарды өтеу) жолымен көрсетіледі.
4. Шығындарды өтеу құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары және Қазақстан Республикасының өзге де ұйымдарының өкілдері кіретін индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) шешімімен Экспорттаушылардың шығындарын өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) оң шешімі негізінде жүргізіледі.
5. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі - жұмыс органы) болып табылады.
Комиссия жұмысының тәртібі, сондай-ақ Комиссия мен жұмыс органының өкілеттігі уәкілетті орган бекітетін Комиссия туралы ережеде айқындалады.
2. Өтеуге жататын шығындардың түрлері және оларды өтеу шарттары
6. Осы Қағида шеңберінде Экспорттаушылар шығындарының мынадай түрлері өтеуге жатады:
1) сыртқы нарықта нақты өнімді (қызметті) жылжыту (брендинг) және айналдыру;
2) тауар белгілерін шет елдерде тіркеу мен сертификаттау;
3) кәсіпорындардың экспортты басқару саласындағы жұмыс істейтін қызметкерлерін оқыту;
4) саланың, нарық сегменттерінің, өңірлердің экспорттық өнімдерінің каталогтарын әзірлеу және басып шығару;
5) қызметтің алғашқы үш жылы ішінде шет елде өкілдік (офис, қойма, шоу-бөлме, сауда нүктесін) ашу, ұстау;
6) франшиза тарту;
7) экспорттаушы веб-сайтын ағылшын тілінде құру және іске қосу;
8) өнімнің нақты түрімен нақты нарыққа кіру жөніндегі маркетингтік зерттеулер.
7. Негізделген және құжаттамалық расталған шығындардың 50 %-ы мөлшерінде бір рет шығынды өтеу шеңберінде Экспорттаушыға шығындардың бір немесе бірнеше түрлері өтеледі.
8. Экспорттаушылардың шығындарын өтеу бір жылда бір рет шығындардың төмендегідей түрлері бойынша жүргізіледі:
1) нақты өнімді сыртқы нарықта жылжытуға (брендинг) және айналдыруға байланысты шығындар:
отандық өнім жарнамасы;
шетелдік көрмелерге қатысу;
каталог әзірлеу және басып шығару;
қызметтің алғашқы үш жылы ішінде шетелде өкілдік (офис, қойма, шоу-бөлме, сауда нүктесін) ашу, ұстау;
2) шет елдерге экспорттау мақсатында тауар белгілерін тіркеу және өнімді сертификаттауға байланысты рәсімдерді өткізуге арналған шығындар,
3) экспортты басқару саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді шетелде оқыту, сондай-ақ экспорттаушы кәсіпорындарға сарапшы консультанттарды шақыру жөніндегі қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар;
4) франшиза тарту;
5) Экспорттаушының ағылшын тіліндегі веб-сайтын құруға және іске қосуға арналған қызметтер бойынша шығындар;
6) маркетингтік зерттеулер жөніндегі қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар.
9. Шығындарды өтеу ұлттық валютада жүргізіледі. Бұл ретте, шетелдік валютада келген шығындарды қайта есептеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі валюталарының Өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күні қолданыстағы бағамдары бойынша жүзеге асырылады.
10. Комиссияның қарауына: