Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2011 жылға арналған жоспары туралы" 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1467 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 шілдедегі № 853 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 29, 225-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«Институционалдық қайта құру» деген 3-бөлімде:
«Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру» деген 3.1-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 37-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«2011 жылғы 3-тоқсан»;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарын, 2011 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1467 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2011 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірлері 5 және 6-жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 9-1, 9-2-жолдармен толықтырылсын:
«9-1 Индустриялық- ИЖТМ Наурыз Шілде Қыркүйек Н.Қ.
инновациялық қызметті Әбдібеков мемлекеттік қолдау туралы
9-2 Қазақстан Республикасының ИЖТМ Наурыз Шілде Қыркүйек Н.Қ.
кейбір заңнамалық актілеріне Әбдібеков индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |