• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1469 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 29, 225-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«1. Салалық даму бағдармалары» деген бөлімде:
реттік нөмірі 16-жолдың 5-бағанындағы «2010 жылғы 1 қазан» деген сөздер «2011 жылғы 1 желтоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын;
«3. Институционалдық қайта құру» деген бөлімде:
«3.2. Ұйымдастырушылық өзгерістер» деген кіші бөлімде:
57-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
 
57 «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ-ға кредиттік агенттіктің функцияларын беру «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ-ның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ 2010 жылғы желтоқсан 1 500
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
   Премьер-Министрі                                К. Мәсімов