Bestprofi Logo

Қаулы № 1324 от 2010-12-08г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1324 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1324 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1. «Қазақстан Республикасында жасалған құпия өнертабыстармен жұмыс істеудің уақытша тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 22 тамыздағы № 1044 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 35, 330-құжат).

2. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитеті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 маусымдағы № 997 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 28, 249-құжат).

3. «Қазақстан Республикасының патенттік жүйесін дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1243 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 517-құжат).

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1243 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 162 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 6, 79-құжат).

5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2305 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 11-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж, № 4, 54-құжат).

6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1243 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 129 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 18, 144-құжат).

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание