Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 387 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің аумақтық органы - Алматы қаласы бойынша Қаржы мониторингі департаменті - мемлекеттік мекемесі құрылсын.
4. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің өңіраралық департаменттері - мемлекеттік мекемелері;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің өңіраралық департаменттері - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылсын;
5. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті болып;
2) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері;
3) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің аумақтық басқармалары - мемлекеттік мекемелері;
4) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері болып қайта аталсын.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің N 1 аймақаралық салық комитеті" аумақтық органы - мемлекеттік мекемесі таратылсын.
7. Осы қаулының 6-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемені таратқаннан кейін қалған мүлікті басқару жөніндегі өкілеттіктер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне беріледі деп айқындалсын.
8. Осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін, осы қаулымен бекітілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2, 4, 5, 6, 8, 13, 15-тармақтарын, сондай-ақ осы қаулыға 6-қосымшаның 3, 4, 5, 8, 10, 11, 13, 14, 15, 16, 18, 19, 20, 22-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 387 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Қазынашылық комитеті, Кедендік бақылау комитеті, Салық комитеті, Қаржылық бақылау комитеті, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Қаржы мониторингі комитеті.
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеге (бұдан әрі - Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Министрліктің қазынашылық органдарында шоттары және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де шоттары болады.
Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Министрліктің, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
5. Министрліктің штат санының лимитін министрдің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
6. Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11.
7. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" мемлекеттік мекемесі.
8. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
9. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
Министрлікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен пайда алып келетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен табыс республикалық бюджеттің кірісіне бағытталады.
2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары
10. Министрліктің негізгі міндеттері бюджеттердің, бюджеттік есеп пен бюджеттердің атқарылуы туралы есептіліктің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры бойынша есеп пен есептіліктің атқарылуы, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аударудың толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету, этил спирті мен алкоголь өнімдерінің өндірісі мен айналымын, темекі бұйымдарының өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу, кеден ісі, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу, бюджеттік кредит беру, республикалық мемлекеттік меншікке иелік ету, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, ішкі қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, банкроттау рәсімдерінің жүргізілуін бақылау (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда), бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеу, аудиторлық қызмет саласындағы реттеу және аудиторлық пен кәсіби ұйымдардың қызметін бақылау, меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында қаржы мониторингін жүзеге асыру.
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.09.2008 № 846 Қаулысымен. (24.04.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
11. Министрлік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) бюджеттердің атқарылуы, бюджеттік есеп пен бюджеттердің атқарылуы туралы есептілік, мемлекеттің қаржы активтерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында шоғырландырылатын материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлікті жинақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, этил спирті мен алкоголь өнімдерінің өндірілуін мемлекеттік реттеу, темекі өнімдерінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу, мұнай өнімдерінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы, кеден ісі, республикалық мемлекеттік меншікке иелік ету, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, мемлекеттік сатып алу, банкроттау рәсімдерінің жүргізілуін бақылау (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда), бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, меншіктің мемлекеттік мониторингі саласындағы, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау саласындағы саясатты қалыптастыруға қатысу;
2) бюджетке түсетін түсімдерді болжауға және мемлекеттік бюджетке түсетін кіріс түсімдері саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын анықтауға қатысу;
3) министрліктің құзыретіне енетін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық;
4) мемлекеттік сатып алу саласында және халықаралық ынтымақтастық аясында стратегиялық бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
5) бюджеттердің атқарылуы, бюджеттердің атқарылуы туралы бюджеттік есеп пен есептілік, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры бойынша есеп пен есептілік, кеден ісі, бақылаудың тиімділігін арттыру саласында салааралық үйлестіру және әдіснамалық басшылық ету;
6) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау;