• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Кейбір акционерлік қоғамдар акцияларының пакеттерін мемлекеттік органдарға сенімгерлік басқаруға және иелену мен пайдалану құқығын беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1224 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 тамыздағы № 136 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Қор) тиесілі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының акциялар пакеті Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне;
2) осы қаулының қосымшасында көрсетілген акционерлік қоғамдардың Қорға тиесілі акциялар пакеттері Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне сенімгерлікпен басқаруға берілсін.
1) «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамының акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне;
2) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры», «Қазақстандық ипотекалық компания» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамдары акцияларының пакеттерін иелену және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне берілсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Републикасының Индустрия және жаңа технологиялар, Экономикалық даму және сауда министрліктерімен, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігімен, Қормен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 28 қазандағы
 № 1224 қаулысына
 қосымша
Акцияларын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне сенімгерлік басқаруға беретін акционерлік қоғамдардың тізбесі
 
Р/с
Атауы
1 2
1 «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамы
2 «Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамы
3 «Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамы
4 «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 28 қазандағы
 № 1224 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне» деген бөлімде реттік нөмірлері 217-11, 217-12-жолдар алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 264-5, 264-6, 264-7-жолдармен толықтырылсын: