Toggle Dropdown
6
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы N 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы N 962 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 12.04.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1
"Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы N 669 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
2
1. "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Самұрық" холдингі" АҚ) мен "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамын (бұдан әрі - "Қазына" АҚ) қосу жолымен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор) құрылсын.
Toggle Dropdown
2. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес акцияларының мемлекеттік пакеттері (жарғылық капиталға қатысу үлестері) Қордың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін заңды тұлғалардың тізбесі (бұдан әрі – тізбе);
Toggle Dropdown
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;
Toggle Dropdown
3) осы қаулыға 3-қосымшаға («қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен) сәйкес Қордың тәуелсіз директорларына берілетін сыйақылардың мөлшері және төлеу шарттары бекітілсін.
Toggle Dropdown
3. "Самұрық" холдингі" АҚ мен "Қазына" АҚ заңнамада белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде өз мүлкіне бағалау жүргізсін.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) "Самұрық" холдингі" АҚ мен "Қазына" АҚ қосу жолымен қайта ұйымдастыруды;
Toggle Dropdown
2) Қор Жарғысын бекітуді;
Toggle Dropdown
3) Қорды Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
5. "Kazakhmys PLC" және "Eurasian Natural Resources Corporation PLC" қоспағанда, тізбеде көрсетілген заңды тұлғалар заңнамада белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде Қордың орналастырылатын акцияларына берілетін акциялардың мемлекеттік пакеттеріне бағалау жүргізсін.
Toggle Dropdown
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде Қордың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін "Kasakhmys PLC" және "Eurasian Natural Resources Corporation PLC" акцияларының мемлекеттік пакеттеріне бағалау жүргізуді қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
7. Қорды тіркеу рәсімдерін жүргізгеннен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті бір апта мерзімде:
Toggle Dropdown
1) осы қаулының 5, 6-тармақтарына сәйкес жүргізілген бағалауды ескере отырып, тізбеде көрсетілген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін Қордың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге беруді;
Toggle Dropdown
2) "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін кейіннен Қордың орналастырылатын акцияларын төлеуге бере отырып, Қорға сенімгерлік басқаруға беруді қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
8. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес құрамда Қордың Директорлар кеңесі сайлансын.
Toggle Dropdown
8-1. Қордың Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі 2024 жылғы 1 қаңтар – 2026 жылғы 31 желтоқсан болып белгіленсін.
Toggle Dropdown
9. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне:
Toggle Dropdown
1) он күн мерзімде - Қор қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумның жобасын;
Toggle Dropdown
2) бір апта мерзімде - жоғарыда аталған Жарлыққа және осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтыруларды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын енгізсін.
Toggle Dropdown
10. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Toggle Dropdown
11. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 17 қазандағы
№ 962 қаулысына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Акцияларының мемлекеттік пакеттері (жарғылық капиталдардағы қатысу үлестері) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін заңды тұлғалардың тізбесі
Toggle Dropdown
Р/с
N |
Атауы |
Акциялардың мемлекеттік пакеті (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) |
| 1 |
2 |
3 |
| 1 |
"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамы |
100% |
| 2 |
"Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы |
100% |
| 3 |
"Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы |
100% |
| 4 |
"Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы |
100% |
| 5 |
"Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы |
100% |
| 6 |
"Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы |
100% |
| 7 |
"Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы |
100% |
| 8 |
"Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы |
100% |
| 9 |
"Қазақстан ипотекалық компаниясы" акционерлік қоғамы |
91% |
| 10 |
"Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы |
88,7 % |
| 11 |
"Kazakhmys PLC" (Ұлыбритания) |
14,99 % |
| 12 |
"Eurasian Natural Resources Corporation PLC" (Ұлыбритания) |
11,65% |
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 17 қазандағы
№ 962 қаулысына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Toggle Dropdown
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
Toggle Dropdown
"Астана қаласы" деген бөлімде:
Toggle Dropdown
реттік нөмірлері 21-70, 21-71 және 21-85-жолдар алып тасталсын;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-109-жолмен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"21-109. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ";
Toggle Dropdown
"Алматы облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 38-4-жол ("Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ) алып тасталсын;
Toggle Dropdown
"Ақтөбе облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 133-5-жол алып тасталсын;
Toggle Dropdown
"Шығыс Қазақстан облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 165-14-жол алып тасталсын;
Toggle Dropdown
"Қостанай облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 229-10-жол ("Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ) алып тасталсын;
Toggle Dropdown
"Маңғыстау облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 236-8-жол алып тасталсын;
Toggle Dropdown
"Оңтүстік Қазақстан облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 298-жол ("Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ) алып тасталсын.
Toggle Dropdown
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне" деген бөлімде реттік нөмірі 5-жол алып тасталсын;
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне" деген бөлімде реттік нөмірлері 217-8 және 217-9-жолдар алып тасталсын;
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне" деген бөлімде реттік нөмірлері 237-19, 237-26, 237-27, 237-28, 237-29, 237-30, 237-31 және 237-32-жолдар алып тасталсын;
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне" деген бөлімде реттік нөмірі 268-3-жол алып тасталсын.
Toggle Dropdown
1
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
6. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 22, 205-құжат):
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
Toggle Dropdown
"Қазақстан ипотекалық компаниясы" акционерлік қоғамы" және "Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы" деген жолдар алып тасталсын.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 17 қазандағы
№ 962 қаулысына
4-қосымша
Toggle Dropdown
1
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы
Toggle Dropdown
|
Қазақстан Республикасының Премьер–Министрі
|
–
|
Директорлар кеңесінің төрағасы
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі
|
–
|
Директорлар кеңесінің мүшесі
|
|
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
|
–
|
Директорлар кеңесінің мүшесі
|
|
Жәмішев
Болат Бидахметұлы
|
–
|
тәуелсіз директор
|
|
Лука Сутера
|
–
|
тәуелсіз директор
|
|
Мұхаммед Жәмил әл Рамахи
|
–
|
тәуелсіз директор
|
| Вонг Хэн Файн |
- |
тәуелсіз директор |