Toggle Dropdown
Кейбір акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталына беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 шілдедегі N 1148 Қаулысы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 249-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. "Астана-Қаржы", "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі", "А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты" және "Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты" акционерлік қоғамдары акцияларының мемлекеттік пакеттері "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат коры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын төлеуге берілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.
Toggle Dropdown
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
Toggle Dropdown
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 27 шілдедегі
N 1148 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
Toggle Dropdown
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
Toggle Dropdown
1) акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
Toggle Dropdown
"Астана қаласы" деген бөлімде:
Toggle Dropdown
реттік нөмірі 107-5-жол алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
2) көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
Toggle Dropdown
"Алматы қаласы" деген бөлімде:
Toggle Dropdown
реттік нөмірлері 123-83, 123-112, 123-113-жолдар алынып тасталсын.
Toggle Dropdown
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
Toggle Dropdown
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне" деген бөлімде:
Toggle Dropdown
реттік нөмірі 217-4-жол алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті" деген бөлімде:
Toggle Dropdown
реттік нөмірлері 222-38, 222-39-жолдар алынып тасталсын.
Toggle Dropdown
3. "Қазына орнықты даму қоры" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 937 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
Toggle Dropdown
2007 ж., N 38, 435-құжат):
Toggle Dropdown
3-тармақ алынып тасталсын.
Toggle Dropdown
4. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 қазандағы N 961 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 39, 451-құжат):
Toggle Dropdown
4-тармақ алынып тасталсын.
Toggle Dropdown
5. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы N 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы N 962 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 41, 458-құжат):
Toggle Dropdown
7-тармақтың 2) тармақшасындағы "пакетін" деген сөзден кейін "кейіннен Қордың орналастырылатын акцияларын төлеуге бере отырып," деген сөздермен толықтырылсын.