«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Продукты:
Судебная практика
Судебная практика
Отправить по почте
Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1362 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 18.06.2015 жылғы № 457 Қаулысына сәйкес
Редакция 09.12.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.11.2013 жылғы № 1297 Қаулысымен (25.10.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.12.2014 жылғы № 1288 Қаулысымен (30.11.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1362 қаулысына қосымша
Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
Тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.11.2013 жылғы № 1297 Қаулысымен (25.10.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Р/с № | Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: | Құжаттар | Ескерпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
Барлық кіші қызмет түрлері үшін | |||
1 | Заңды тұлғаның мәртебесі | Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі | «Е-лицензиялау» МДҚ-ны пайдалана отырып тексеріледі |
2 | Санитариялық- эпидемиологиялық талаптарға сай келетін, жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайлар | Санитариялық эпидемиологиялық қадағалау органдарының қорытындысы | «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабында белгіленген тәртіппен лицензиар-орган алады |
3 | Өздерінің қызметтік міндеттеріне байланысты есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен жұмыс істеуге рұқсат ресімдеген қызметкерлер | Өтініш беруші белгіленген нысанда жасаған қызметкерлерінің тізімі, онда мыналар көрсетіледі: 1) ішкі істер органдарының қызметкерлерді тексергені туралы белгісі; 2) наркологиялық және жүйке аурулары диспансерлерініңқызметкерлер арасында нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы маскүнемдік ауруларымен ауыратындардың жоқ екені туралы белгісі | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесінің № 3 нысаны |
4 | Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған үй-жайлардың күзетілуі | Жеке күзет ұйымдарының есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған үй-жайларды күзету шарты | |
Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою үшін | |||
5 | Техникалық нығайту талаптарына сәйкес келетін есірткі құралдары мен психотроптық заттарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған үй-жайлар | Техникалық нығайту талаптарына сәйкестік облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының келісім хатымен расталады | |
6 | Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, тасымалдау, жөнелту, жою үшін өндірістік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жауап беретін тиісті өндірістік-техникалық база | Прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның қорытындысы | «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабында сәйкес тәртіппен лицензиар-орган алады |
Құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттар бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау үшін | |||
7 | Құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттар бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындауға арналған тиісті өндірістік-техникалық база | Бекітілген техникалық нығайту талаптарына сәйкестігі | Техникалық нығайту талаптарына сәйкестігі заңды тұлғаның қызметті жүзеге асыратын орны бойынша аумақтық бөлімшелерінің келісім-хатымен расталады |
Денсаулық сақтау жүйесінде есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою үшін | |||
8 | Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жоюға байланысты денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметті жүзеге асыру кезінде | 1, 2, 3, 4, 5, 6-тармақтар бойынша құжаттар ұсынылады |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1362 қаулысына 1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.11.2013 жылғы № 1297 Қаулысымен (25.10.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия берілуіне келісім беруші мемлекеттік органдар
Мемлекеттік органдар алынып тасталды ҚР Үкіметінің 09.12.2014 жылғы № 1288 Қаулысымен (30.11.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1362 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 тамыздағы № 735 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 348-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 қазандағы № 1541 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 41, 403-құжат).
3. «Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті лицензиялау ережесін және қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 тамыздағы № 735 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 1362 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 3, 61-құжат).
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |