Осы редакция 08.10.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша) бір ай мерзімде осы тізілімге енгізілген мемлекеттік қызметтердің стандарттарын әзірлесін.
3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов