• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
"Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 560 Қаулысы

Осы редакция 20.02.2013 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 4-бабының 2-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға  тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:
реттік нөмірі 63-жолдың 2-бағанында:
«мемлекеттік тіркеу» деген сөздерден кейін «немесе қайта тіркеу» деген сөздермен толықтырылсын;
«(нутрицевтиктерді)» деген сөз алынып тасталсын;
«бояғыштарды,» деген сөзден кейін «дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын,» деген сөздермен толықтырылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 23 мамырдағы
 № 560 қаулысымен
 бекітілген
«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және  биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мына мекенжай бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (бұдан әрі - Комитет) көрсетеді: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс, тел. 8 (7172) 74-32-87, 74-30-66, Интернет-ресурстың мекенжайы: www.mz.gov.kz 
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрі: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 146-бабы, «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 9-бабы, «Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісімін ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Заңы және «Балалардың тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тағам өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу ережесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 546 бұйрығы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Қазақстан  Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің www.mz.gov.kz Интернет-ресурсында, ресми ақпарат көздерінде, Комитеттің ғимаратында орналастырылған стенділерде, үлгілері бар ақпараттық тақталарда болады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілетін өнімдердің (заттардың) қолданылу мерзімі көрсетілген, Комитеттің ресми  бланкісінде ресімделген (қағаз тасымалдағыштағы) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру немесе қайта ресімдеу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мемлекеттік  тіркеуге жататын өнімдердің (заттардың) тізбесіне сәйкес көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен бастап күнтізбелік 30 күн:
2) тұтынушының өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу кезінде құжаттарды тапсыру үшін күтудің барынша жол берілген уақыты 30 (отыз) минутты құрайды;
3) тұтынушының өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілген уақыты 30 (отыз минутты) құрайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері күнделікті сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін ұсынылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Қабылдау алдын ала жазылмай және жедел қызмет көрсетілмей, кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
10. Комитетте мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған орындар, қауіпсіздік талаптарына жауап беретін үй-жайлар, күту және құжаттарды толтыру орындары болады, физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасалған. Осы орындар қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілердің үзінділері (үзінді көшірмелері) бар стенділермен жабдықталған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11.  Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды ұсынады:
өнімдерді (заттарды) мемлекеттік тіркеуге немесе қайта тіркеуге  өтінішті;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес расталған, өнімдер, (заттардың) дайындалатын құжаттарына сәйкес құжаттардың (стандарттар, техникалық шарттар, регламенттер, технологиялық нұсқаулықтар, ерекшеліктер, рецептуралар, құрамы туралы мәліметтер) көшірмелері;
өнімдердің (заттарды) қауіпсіздігін және зерттелетін үлгілердің  сапасын куәландыратын дайындаушы (өндіруші) құжатының көшірмесі;
қаптамалардың, өнімдердің (заттардың) заттаңбалары мен түсіндірме-жапсырмаларының үлгілері;
дайындаушы (өндіруші) елдің заңнамасына сәйкес расталған дайындаушы (өндіруші) мемлекеттің аумағында өнімдердің (заттардың) еркін айналымын растайтын құжаттың көшірмесі;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған және аккредиттелген зертханалар берген өнімдердің (заттардың) зертханалық зерттеу нәтижелері;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес расталған Кеден одағының кедендік аумағында өнімдердің (заттардың) үлгілерін әкелуді растайтын құжаттардың көшірмелері;
өндірушінің және импорттаушының (заңды тұлғаның) мекенжайы, сондай-ақ атауы, (жеке тұлғаның) тегі, аты және әкесінің аты;
сәйкестік сертификатын, шығарылған елде немесе басқа елде клиникалық сынақ жүргізу жөніндегі материалдарды, тағамға биологиялық  белсенді қоспаларда (бұдан әрі - ББҚ) (ББҚ үшін) гормондар, психотропты және есірткі заттардың жоқ екендігі туралы мөр қойылған дайындаушы фирманың хаты.
Лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыру кезінде лицензияның нотариалды расталған көшірмесі ұсынылады. Экспорттаушы елдің құжаттарының түпнұсқасына олардың нотариалды куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасы қоса берілуге тиіс.
Қайта тіркеуді жүргізу үшін өтініш беруші Комитетке мынадай құжаттарды ұсынады:
1) қайта тіркеуге (еркін нысандағы) өтініш;
2) осы Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттар;
3) мемлекеттік тіркеу туралы бұрын берілген куәлік.
12. Мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініштердің нысанын Комитеттің уәкілетті лауазымды адамынан немесе Интернет-ресурсының:www.mz.gov.kz мекенжайы бойынша алуға болады.
13. Мемлекеттік қызмет алу үшін өтініштің толтырылған нысанын және қажетті құжаттарды тұтынушы Комитеттің кеңсесіне мына мекенжайға  ұсынады: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс, тел. 8(7172) 74-32-87, 74-30-66, Интернет-ресурстың мекенжайы: www.mz.gov.kz 
14. Тұтынушыға:
1) сұралатын мемлекеттік қызмет түрін;
2) қоса берілген құжаттардың саны мен атауларын;