• Мое избранное

Отправить по почте

1

Мемлекеттік техникалық қызметтің кейбір мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 49 Қаулысы

1
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысына тиісті өзгерістер мен толықтыруларды бекітуге ұсынуды;
2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
1) «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2324 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 мамырдағы № 427 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 268-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 10-тармағы.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2013 жылғы 28 қаңтардағы
 № 49 қаулысымен
 бекітілген
1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (28.01.2013 ж. редакцияны қараңыз)
1
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.09.2014 жылғы № 995 Қаулысымен (24.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 683 Қаулысымен (10.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 624 Қаулысымен (19.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.08.2015 жылы № 163 (28641)„Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.05.2016 жылғы № 298 Қаулысымен (25.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.06.2016 жылы № 105 (28834) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 14.01.2016 жылғы № 13 Қаулысымен (11.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.02.2016 жылы № 27 (28153) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 Қаулысымен (28.01.2013 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
8. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
8-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.02.2014 жылғы № 136 Қаулысымен (18.09.2013 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
9-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.09.2015 жылғы № 773 Қаулысымен (28.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.10.2015 жылы № 189 (28667) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
10-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.04.2016 жылғы № 244 Қаулысымен (29.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.04.2016 жылы № 82 (28810) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды