Toggle Dropdown
«Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 18.09.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
2) «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
3) «Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
4) «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
5) «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
6) «Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
7) «Жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
8) «Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
9) «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
10) «Жер учаскесіне құқықтың алғаш берілуінің құқық белгілеуші құжаты туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
11) «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
12) «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
13) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
14) «Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Toggle Dropdown
1) «Мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 102 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 15-16, 132-құжат);
Toggle Dropdown
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 102 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 545 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 481-құжат);
Toggle Dropdown
3) «Мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 102 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1429 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 94-құжат).
Toggle Dropdown
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 1 қарашадағы
№ 1392 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
«Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) жер учаскесінің орналасқан жері бойынша осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның филиалдары (бұдан әрі – Кадастрды жүргізетін кәсіпорын) тарапынан және мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдары (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызмет 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 23 және 43-баптарының негізінде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің интернет-ресурсында;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің www.kuzr.gov.kz интернет-ресурсында;
Toggle Dropdown
3) Кадастрды жүргізетін кәсіпорындардың ғимараттарындағы стенділерінде;
Toggle Dropdown
4) Кадастрды жүргізетін кәсіпорынның www.aisgzk.kz интернет-ресурсында;
Toggle Dropdown
5) орталықтың www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
Toggle Dropdown
6) орталықтың стенділерінде орналастырылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат сондай-ақ call-орталығының 1414 телефоны арқылы берілуі мүмкін.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағышта жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні немесе жер учаскесіне жеке меншік құқығына актінің телнұсқасын беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себебі көрсетілген бас тарту туралы дәлелді жазбаша түрдегі жауап беру болып табылады.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
Toggle Dropdown
1) Кадастрды жүргізетін кәсіпорынға жүгіну сәтінен бастап:
Toggle Dropdown
жер учаскесіне жеке меншік құқығына арналған актіні берген кезде – 6 жұмыс күні;
Toggle Dropdown
жер учаскесіне жеке меншік құқығына арналған актінің телнұсқасын берген кезде – 4 жұмыс күні;
Toggle Dropdown
мемлекеттік қызмет алғанға дейін кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды;
Toggle Dropdown
мемлекеттік қызмет алушыға өтініш берген күні қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды;
Toggle Dropdown
2) орталыққа өтініш берген сәттен бастап:
Toggle Dropdown
жер учаскесіне жеке меншік құқығына арналған актіні берген кезде – 6 жұмыс күні;
Toggle Dropdown
жер учаскесіне жеке меншік құқығына арналған актінің телнұсқасын берген кезде – 4 жұмыс күні;