Toggle Dropdown
Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 464 Қаулысы
Toggle Dropdown
Осы редакция 07.03.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеті кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметін мемлекеттік аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
2) «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
3) «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
4) «Жөмшөп пен жөмшөп қоспаларына, оларды мемлекеттік тіркей отырып (қайта тіркеу) тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
5) «Ветеринариялық препараттарға, оларды мемлекеттік тіркей отырып (қайта тіркеу) тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
6) «Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын; ветеринариялық анықтаманы беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
7) «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
8) «Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдері мен шикізаттың дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есепке алу нөмірлерін беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 264-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:
Toggle Dropdown
реттік нөмірлері 133 және 135-жолдар алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
реттік нөмірі 136-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Ветеринариялық препараттарға, оларды мемлекеттік тіркей отырып (қайта тіркеу) тіркеу куәлігін беру»;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 136-1 жолмен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«136-1. «Жемшөп пен жемшөп қоспаларына, оларды мемлекеттік тіркей отырып, (қайта тіркеу) тіркеу куәлігін беру»;
Toggle Dropdown
2-бағанда:
Toggle Dropdown
реттік нөмірі 139-жол мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру»;
Toggle Dropdown
реттік нөмірі 142-жол мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру»;
Toggle Dropdown
реттік нөмірі 143-жол мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы беру»;
Toggle Dropdown
реттік нөмірі 143-жолдың 6-бағанындағы «Облыстық және» деген сөздер алынып тасталсын.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 29 сәуірдегі
№ 464 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметін мемлекеттік атестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметін мемлекеттік аттестаттау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мекенжайлары мен байланыс деректері осы стандартына 1-қосымшада көрсетілген облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі - ЖАО) ұсынылады.
Toggle Dropdown
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызмет «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 3) тармақшасы және «Асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мал тұқымын асылдандыру орталығы және дистрибьютерлік орталық мәртебесін беру, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметіне аттестаттау (қайта аттестаттау) өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қыркүйектегі № 1061 қаулысы негізінде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті ұсыну туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі — стандарт) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ЖАО интернет-ресурсында, сондай-ақ осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша мемлекеттік қызмет көрсету орнында ілінген стендтерде орналастырылған.
Toggle Dropdown
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мал тұқымын асылдандыру орталығы және дистрибьютерлік орталық мәртебесін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға мал өсімін молайту және асыл тұқымдық құндылығын, асыл тұқымды өнімді (материалды) анықтау жөнінде қызметтер көрсету мәртебесін беру туралы аттестат (бұдан әрі - Аттестат) (қағаз тасымалдағышта) не мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде ұсынылады:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 3 (үш) айдан аспайды;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік қызмет орнында көрсетілетін өтініш берушінің өтініш берген күнінен (тіркеу жүргізгенде, талон алғанда, өтініш берген кезден және әрі қарай) алғанға дейінгі күтудің ең жоғарғы шекті уақыты 10 (он) минуттан аспайды;
Toggle Dropdown
3) мемлекеттік қызмет орнында көрсетілетін өтініш берушінің өтініш берген күнінен (тіркеу жүргізгенде, талон алғанда, өтініш берген кезден және әрі қарай) тұтынушыға қызмет көрсетудің ең жоғарғы шекті уақыты 10 (он) минуттан аспайды.
Toggle Dropdown
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Toggle Dropdown
9. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңымен белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, сағат 13-00-ден 14-00-ге дейінгі түскі үзіліспен ұсынылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік қызметті ұсыну үшін күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға жағдай жасалады (күтуге арналған зал, құжаттарды толтыру орындары қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады). ЖАО-ның ғимараты физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандусы бар кіреберіспен жабдықталған.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі мен оларға қойылатын талаптар:
Toggle Dropdown
асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мал тұқымын асылдандыру орталығы, дистрибьютерлік орталық субъектісі мәртебесін алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
Toggle Dropdown
1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтініш;