• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 21.11.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 305 Қаулысы       Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 7 наурыздағы
 № 305 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде өсiп тұрған сүректi босату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1287 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 47, 532-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде өсiп тұрған сүректi босату ережесінде:
17-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеспеғаш аймағын бөліп беру мен мөлшерлеуді мемлекеттік орман иеленушiлер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 1512 қаулысымен бекiтілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу қағидаларына сәйкес жүргізеді.».
2. «Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 1441 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 665-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесінде:
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Аңшылық шаруашылықтары қорықшылық қызметiнiң жұмысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 қарашадағы № 1332 қаулысымен бекiтілген Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгiлік ережеге сәйкес жүзеге асырылады.».
3. «Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1469 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 689-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесінде:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. 5 килограмнан артық әуесқойлық (спорттық) балық аулауға рұқсатты ведомствоның аумақтық бөлімшелері өтінім берілген күні бекітілген лимиттерге сәйкес және алу квоталары шегінде өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжатты және жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін ақы төлегені туралы төлем құжатын ұсынған кезде береді.».
4. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы № 141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 8, 75-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу ережесінде: