• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 31.07.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 28 маусымдағы № 869 Қаулысы

Осы Қаулы 2023 жылғы 31 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.07.2023 жылғы № 603 Қаулысына сәйкес 
Редакция 12.02.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 28 маусымдағы
№ 869 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берiлiп отырған Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесi бекiтiлсiн.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн әлеуметтiк қолдау - бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттiк кредит болып белгiленсiн.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мамандар үшiн тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттiк кредит он бес жыл мерзiмге берiледi; кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасының жылдық 0,01 %-ы мөлшерiнде белгiленедi.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесi»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесi (бұдан әрi – Ереже) «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңына және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әзiрлендi, ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына (бұдан әрі – мамандар) республикалық бюджет қаражаты есебінен көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит түрiнде әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну шарттары мен тәртiбiн белгiлейдi.»;
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Осы Ереженiң мақсаты үшiн мамандар деп қалаларда және өзге де елдi мекендерде тұрып жатқан және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстеуге және тұруға тiлек бiлдiрген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандықтары бойынша жоғары және жоғарыдан кейiнгi, техникалық және кәсiптiк, ортадан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының түлектерi, сондай-ақ көрсетілген білімі бар мамандар түсiндiрiледi.»;
1-2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«кейiннен ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына, олардың тұрғын үй сатып алуы немесе салуы үшiн теңгемен 15 (он бес) жыл мерзiмге жылдық 0,01 % мөлшерiндегi сыйақы ставкасы бойынша бере отырып кредиттiк шарттар жасасу арқылы берiледi;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi өкiлдi органы (мәслихат), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi мәлiмдеген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының мамандарына қажеттiлiктi ескере отырып, жыл сайын мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн әлеуметтiк қолдауды ұсыну туралы шешiм қабылдайды.»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары үшiн тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит беру сенiм бiлдiрiлген өкiлмен (агентпен) шарт болған жағдайда жүзеге асырылады.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн кредит беру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаны iске асыру бойынша сенiм бiлдiрiлген өкiлмен (агентпен) тапсырыс шартын жасасады.
Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агенттiң) мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн кредит беру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаны iске асыру бойынша операциялық қызметтеріне арналған шығындарды өтеу үшiн қаражат 095 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мамандарды әлеуметтiк қолдау шараларын iске асыру үшiн берiлетiн нысаналы ағымдағы трансферттер» бағдарламасы бойынша тиiстi қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетте көзделедi.
6. Әлеуметтiк қолдау шараларын алу үшiн маман Әкiмшiге мынадай құжаттарды:
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiштi;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;
3) жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi куәландырған еңбек кiтапшасының көшiрмесiн;
4) азаматтарды тiркеу кiтабының (үй кiтабының) немесе тиiстi елдi мекенде тұратынын растайтын анықтаманың көшiрмесiн;
5) бiлiмi туралы дипломының көшiрмесiн;
6) салық төлеушiнi тiркеу туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн;
7) әлеуметтiк жеке кодты беру туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн;
8) жылжымайтын мүліктің бағалау актісін (бюджеттік кредит алу үшін);
9) тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына актіні ұсынады.
Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада және көшiрме түрiнде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқасы маманға қайтарылады.
Осы Ережеде көзделмеген басқа да құжаттар берудi талап етуге жол берiлмейдi.»;
11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) отыз жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен маманға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит бередi.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Кредит бойынша маманның мiндеттемелерiнің орындалуы:
1) ол сатып алған тұрғын үй кепілдігімен;
2) кейіннен өзге салынған тұрғын үй кепілдігімен жылжымайтын өтімді мүлігімен қамтамасыз етiледi.»;
көрсетілген Ережеге 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2.   Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 Қаулысымен (28.06.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 12.02.2014 жылғы № 80 Қаулысы (18.09.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 28 маусымдағы
 № 869 қаулысына
 1-қосымша
Ауылдық елдi мекендерге жұмыс
 iстеу және тұру үшiн келген
 денсаулық сақтау, бiлiм беру,
 әлеуметтiк қамсыздандыру,
 мәдениет, спорт және ветеринария
 мамандарына әлеуметтiк қолдау
 шараларын ұсыну ережесiне
 1-қосымша
_________________________ облысы
 ____________ ауданының
 (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмi
 ________________________________
 тегi, аты-жөнi
 ________________________________
 мекенжайында тұратын өтiнiш
 берушiнiң
 ________________________________
 тегi, аты, әкесiнiң аты
 ________________________________
 жұмыс орны, қызметi
Өтiнiш
Сiзден Келiсiмнiң (қоса берiлiп отыр) мөлшерiнде және шарттарында маған көтерме жәрдемақы төлеуiңiздi және/немесе тұрғын үй сатып алуға/салуға бюджеттiк кредит ресiмдеуге құқық беруiңiздi сұраймын.
__________ ____________
             күнi                  қолы

      Құжаттар қабылданды:
      20__жылғы «___» _______
_______    ____________________________________________________
қолы       құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.
___________________________________________________________________
                             (кесу сызығы)

      Өзгерiстер туындаған жағдайда, олар туралы 15 жұмыс күн iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн. Дұрыс емес мәлiметтер мен жасанды құжаттар бергенiм үшiн жауапкершiлiк туралы ескертiлдiм.
      Азамат ____________ өтiнiшi қоса берiлген саны ________ дана құжаттармен бiрге 20__жылғы «__»_________________ қабылданды.
________  ________________________________________________________
қолы      құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 28 маусымдағы
 № 869 қаулысына
 2-қосымша
Ауылдық елдi мекендерге жұмыс
 iстеу және тұру үшiн келген
 денсаулық сақтау, бiлiм беру,
 әлеуметтiк қамсыздандыру,
 мәдениет, спорт және ветеринария
 мамандарына әлеуметтiк қолдау
 шараларын беру ережесiне
 2-қосымша
Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы үлгi келiсiм
      Елдi мекен _________ 20 ___ жылғы «__»__________
       Бұдан әрі «Әкiмшi» деп аталатын «__________________» мемлекеттiк мекемесi атынан басшы ________________________________ бiр тараптан, бұдан әрi «Алушы» деп аталатын әлеуметтiк көмек алушы _________________________, басқа тараптан және бұдан әрi «Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)» деп аталатын ____________________________________ үшiншi тараптан төмендегiлер туралы осы өзара мiндеттемелер келiсiмiн жасасты:
1. Келiсiмнiң нысанасы
Тараптар өзара жауапкершiлiктi және келiсiмдi ескере отырып, ешқандай тараптан мәжбүр етiлмей тараптар толық көлемде орындауы тиiс мiндеттемелер қабылдайды, атап айтқанда:
       1. Әкiмшi, ________________________________ мәслихатының (20 ___ жылғы «__»_______ №_____) шешiмiнiң негiзiнде өзiне мынадай түрдегi әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мiндеттемелерін қабылдайды:
       1) _____________________________________________________ теңге мөлшерiнде көтерме жәрдемақы;
       2) ___ жыл мерзiмге __________________________________________ теңге сомасында тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттiк кредит.
       2. Алушы өзiне жоғарыда көрсетiлген әлеуметтiк қолдау шараларын алған кезде елдi мекенiнде орналасқан ______________ (денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ветеринария) ұйымында кемiнде бес жыл уақыт қызмет iстеуге мiндеттеме қабылдайды.
3. Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) өзiне тапсырма шарты негiзiнде әкiмшiнiң атынан және оның есебiнен және оның нұсқауына сәйкес бюджеттiк кредит беруге байланысты белгiлi бiр тапсырмаларды орындауға мiндеттеме қабылдайды.
2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерi
1. Әкiмшi:
1) алушыдан осы Келiсiмге сәйкес өзiне алған мiндеттемелердi адал және тиiсiнше орындауды талап етуге құқылы.
2. Әкiмшi:
1) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң қаулысы қабылданғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде және осы Келiсiм негiзiнде көтерме жәрдемақысының тағайындалған сомасын Алушының жеке есеп шотына аударуға мiндеттi.
3. Алушының:
1) комиссияның жұмыс органының талабы бойынша қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде әлеуметтiк қолдау шараларын ерiктi түрде таңдауға;
2) бес жыл мерзiм өткенге дейiн, өндiрiстiк жағдайларға немесе әкiмшiлiктiң бастамасына байланысты басқа ауылдық елдi мекендерге жұмысқа ауысқан кезде алынған әлеуметтiк қолдау шараларына құқығын сақтауға құқығы бар.
4. Алушы:
1) әлеуметтiк қолдау шараларын алған күннен бастап 60 жұмыс күні iшiнде комиссияның жұмыс органына бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылғаны туралы растау құжаттарын беруге;
2) меншiгiне сатып алынған/салынған жылжымайтын мүлiктi әдiлет органдарында тiркегеннен кейiн сенiм бiлдiрiлген өкiлге (агентке) тұрғын үйге арналған құжаттардың түпнұсқаларын осы Келiсiмдi кемiнде бес жыл мерзiмге қамтамасыз ету жөнiндегi кепiл ретiнде беруге;
3) жұмыс органына тоқсан сайын жұмыс орнынан анықтама ұсынуға;
4) осы Келiсiмнiң шарттары орындалмаған жағдайда әлеуметтiк қолдау шаралары ретiнде алынған бюджет қаражатын толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етуге мiндеттi.
5. Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агент):
1) алушымен есеп айырысуды жүргiзуге;
2) алушының қаржылық жағдайына мониторинг жүргiзуге құқығы бар.
6. Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент):
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредитке қызмет көрсетуге;
2) кредиттiк шарт бойынша әлеуметтiк қолдау шараларын алған маман мiндеттемелерiнiң орындалуына мониторинг жүргiзуге;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес алушылардан берешектi өндiрiп алуды жүзеге асыруға мiндеттi.
3. Дауларды шешу
1) Осы Келiсiмдi орындау кезiнде туындауы мүмкiн барлық мәселелер мен келiспеушiлiктер мүмкiндiгiне қарай тараптардың арасында келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.
2) Егер даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер жолымен реттелмейтiн болса, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртiбiмен шешiлуге тиiс.
4. Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi
      1) Осы Келiсiм тараптардың қол қойған күнiнен бастап күшiне енедi.Келiсiмнiң қолданысы 20___ жылғы «__»____________ басталады.
2) Келiсiм бiрдей заң күшi бар үш данада жасалды.
5. Тараптардың заңды мекенжайлары
Әкiмшi         Алушы             Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)
_______       _________          ______________________________
_______       _________          ______________________________
_______       _________          ______________________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 28 маусымдағы
№ 869 қаулысына
3-қосымша
3-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 12.02.2014 жылғы № 80 Қаулысы (18.09.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 28 маусымдағы
№ 869 қаулысына
4-қосымша
4-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 12.02.2014 жылғы № 80 Қаулысы (18.09.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 28 маусымдағы
№ 869 қаулысына
5-қосымша
5-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 12.02.2014 жылғы № 80 Қаулысы (18.09.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 28 маусымдағы
№ 869 қаулысына
6-қосымша
6-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 12.02.2014 жылғы № 80 Қаулысы (18.09.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды