Toggle Dropdown
"Мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 06 қыркүйектегі № 1160 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 18.09.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Toggle Dropdown
1) «Мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 519-құжат):
Toggle Dropdown
1-тармақта:
Toggle Dropdown
9), 10), 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«9) «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
10) «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты;»;
Toggle Dropdown
«12) «Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты;»;
Toggle Dropdown
13) тармақша алып тасталсын;
Toggle Dropdown
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«14) «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі бойынша анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты;»;
Toggle Dropdown
18) тармақша алып тасталсын;
Toggle Dropdown
19) тармақшадағы «стандарты бекітілсін.» деген сөздер «стандарты;» деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36) тармақшалармен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«20) «Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
21) «Жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
22) «Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
23) «Жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттың телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
24) «Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
25) «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
26) «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
27) «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызмет cтандарты;
Toggle Dropdown
28) «Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
29) «Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
30) «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
31) «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
32) «Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
33) «Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
34) «Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
35) «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу және лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
36) «Сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу және лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін;
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген «Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден алу» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген «Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жылжымайтын мүлік объектілері жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүліктің кепілі бойынша ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулының 9-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулының 10-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулының 11-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустерден шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулының 12-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулының 13-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Toggle Dropdown
осы қаулыға 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30-қосымшаларға сәйкес жаңа мемлекеттік қызмет стандарттарымен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
2) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов