Bestprofi Logo

Қаулы № 1036 от 2010-10-07г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 Қаулысы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1) «Жергілікті маңызы бар объектілер бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты;

2) «Жобалау-іздестіру қызметіне лицензиялар беру» мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты;

3) «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензиялар беру» мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты;

4) «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын (сертификатталатын өнімдерді қоспағанда) өндіруге (шығаруға) лицензиялар беру» мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты;

5) «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру» мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты бекітілсін.

2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі мынадай мазмұндағы 14-бөліммен толықтырылсын:

14-бөлім. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтер
207 Жергілікті маңызы бар объектілер бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат беру Жеке және заңды тұлғалар ҚТК ШІА Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармалары, ХҚКО Алушының қызметті ұсынушы тұлғамен тікелей өзара іс-қимылы кезінде
208 Жобалау-іздестіру қызметіне лицензиялар беру Жеке және заңды тұлғалар ҚТК ШІА Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары, ХҚКО Алушының қызметті ұсынушы тұлғамен тікелей өзара іс-қимылы кезінде
209 Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензиялар беру Жеке және заңды тұлғалар ҚТК ШІА Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары, ХҚКО Алушының қызметті ұсынушы тұлғамен тікелей өзара іс-қимылы кезінде
210 Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын (сертификатталатын өнімдерді қоспағанда) өндіруге (шығаруға) лицензиялар беру Жеке және заңды тұлғалар ҚТК ШІА Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары, ХҚКО Алушының қызметті ұсынушы тұлғамен тікелей өзара іс-қимылы кезінде
211 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру Жеке және заңды тұлғалар ҚТК ШІА Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары, ХҚКО Алушының қызметті ұсынушы тұлғамен тікелей өзара іс-қимылы кезінде

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 қаулысымен бекітілген

«Жергілікті маңызы бар объектілер бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты 1. Жалпы ережелер

1. «Жергілікті маңызы бар объектілер бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) мекенжайлары мен жұмыс істеу кестелері осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) және «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары» мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - уәкілетті орган) арқылы көрсетіледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабының 11-тармағы негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында, осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес Орталықтың және уәкілетті органның үй-жайларында орналасқан стенділерде, сондай-ақ тегін телефон анықтамалық қызметінде орналастырылған.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру немесе оны қағаз жеткізгіштерде беруден бас тарту болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат алу үшін - жеті жұмыс күнін;

тұрғын үй ғимараттарындағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды, сондай-ақ оның өзге де жекелеген бөліктерін өзгерту бойынша тиісті құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін — бес жұмыс күнін құрайды;

2) құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - 30 минуттан аспайды;

3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - 30 минуттан аспайды;

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Орталықтарда мемлекеттік қызмет жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін көрсетіледі.

Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделтетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

Уәкілетті органда оның жұмысын жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қамтамасыз ететін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен жұмыс кестесі белгіленеді.

Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет Орталықтың және уәкілетті органның ғимаратында көрсетіледі.

Орталықтың залында анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады. Мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдай көзделген.

Уәкілетті органның үй-жайларында жеке кіретін есігі, күту және құжаттарды дайындау залы, анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер болады. Мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдай көзделген.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

11. Тұтынушылар құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат алу үшін Орталыққа немесе уәкілетті органға:

1) осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

2) жергілікті атқарушы органдардың құрылысқа жер учаскесін беру туралы шешімі (көшірме);

3) жобалау-сметалық құжаттама сараптамасының оң қорытындысын (бір сатылы жобалау кезінде жұмыс жобасы бойынша немесе екі сатылы жобалау кезінде жоба бойынша) (көшірме);

4) бас мердігердің құрылыс-монтаж жұмыстары түрлерінің тізбесі бар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға құқық беретін мемлекеттік лицензиясын (көшірме) ұсынады.

Тұрғын үй ғимараттарындағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды, сондай-ақ оның өзге де жекелеген бөліктерін өзгерту бойынша тиісті құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін тұтынушылар Орталыққа немесе уәкілетті органға:

1) осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтінішті;

2) қолданыстағы объектіге (объектінің жекелеген бөліктеріне) сұратылған өзгерістер жүргізуге тиісті жергілікті атқарушы орган рұқсатының көшірмесін;

3) құжаттардың түпнұсқасын қарастырушы мемлекеттік органға түпнұсқаларын ұсынумен не меншік иесінің (меншік иелерінің) үй-жайды немесе ғимараттың бөлігін өзгертуге нотариалды куәландырылған жазбаша келісімін, өтініш берушінің өзгертілетін объектіге (ғимараттың бөлігіне) меншік құқығын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін;

4) тиісті жергілікті сәулет және қала құрылысы органының сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес орындалған болжанып отырған өзгерістердің жобасын (нобайын);

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание