• Мое избранное
"Жобалау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру", "Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 10.01.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Жобалау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру», «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 Қаулысы

Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.02.2014 жылғы № 166 Қаулысымен (22.11.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 10 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 23.12.2015 жылғы № 1034 Қаулысына сәйкес
Редакция 28.02.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.02.2014 жылғы № 166 Қаулысымен (22.11.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.08.2012 жылғы № 1128 Қаулысымен (07.10.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.11.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 31.08.2012 жылғы № 1128 Қаулысымен (07.10.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.11.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) «Жобалау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияға телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
4) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 31.08.2012 жылғы № 1128 Қаулысымен (07.10.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.11.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 31.08.2012 жылғы № 1128 Қаулысымен (07.10.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.11.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды;
2.  Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 Қаулысымен (04.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.11.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 7 қазандағы
№ 1036 қаулысымен
бекітілген
«Жергілікті маңызы бар объектілер бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты
Стандарт алынып тасталды ҚР Үкіметінің 31.08.2012 жылғы № 1128 Қаулысымен (07.10.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.11.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 7 қазандағы
№ 1036 қаулысымен
бекітілген
«Жобалау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.08.2012 жылғы № 1128 Қаулысымен (07.10.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.11.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды;
Стандарт өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2012 жылғы № 1530 Қаулысымен (31.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.01.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды;
Стандарт өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.11.2013 жылғы № 1254 Қаулысымен (18.09.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Жобалау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» (бұдан әрі – көрсетілетін мемлекеттік қызмет).
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші):
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.02.2014 жылғы № 166 Қаулысымен (22.11.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) мекенжайлары мен жұмыс кестелері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық);
2) www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.02.2014 жылғы № 166 Қаулысымен (22.11.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) орталыққа немесе порталға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап лицензия беру және қайта ресімдеу үшін он бес жұмыс күнін, лицензияның телнұсқасын беру үшін екі жұмыс күнін құрайды (өтініш пен құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 15 минуттан аспайды;
3) жүгінген күні көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.02.2014 жылғы № 166 Қаулысымен (22.11.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі жобалау қызметіне лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу және лицензияның телнұсқасын беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.02.2014 жылғы № 166 Қаулысымен (22.11.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны алуға, қайта ресімдеуге және лицензияның телнұсқасын қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен және мөрмен куәландырылады.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.02.2014 жылғы № 166 Қаулысымен (22.11.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 471-бабына сәйкес алынады және ол лицензия беру үшін 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) және лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды.
Жобалау қызметіне лицензия алуға, қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқаларын беруге электрондық сұрау берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
8. Жұмыс кестесі:
1) орталық – көрсетілетін мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесі бойынша күн сайын, дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 9.00-ден 20-00-ге дейін үзіліссіз көрсетіледі.
1-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.02.2014 жылғы № 166 Қаулысымен (22.11.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қабылдау «электрондық кезек» тәртібімен жеделтетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Қызмет алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті «брондауға» болады.
2) порталда – тәулік бойы.
9. Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы мынадай құжаттардың тізбесін ұсынады:
1) лицензия алған кезде орталыққа:
1-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.02.2014 жылғы № 166 Қаулысымен (22.11.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
заңды тұлға үшін – жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған) және өтініш беруші – заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы анықтама;
жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;
дара кәсіпкер үшін – өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған);
өтініш берушіні салық органында есепке қою туралы куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған);
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылған жағдайлардан басқа;
құрылтайшыларының кемінде біреуінің жобалау саласында кемінде отыз жыл халықаралық тәжірибесі бар және бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерді жобалауды орындаған заңды тұлғалар үшін қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаның ұсынымдары;
осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
шетелдік тұлға өтініш берген жағдайда, І немесе ІІ санаттағы лицензия алу қажет болғанда, лицензияның немесе шет мемлекеттің шетелдік тұлғалар үшін жобалау қызметіне тиісті растамасы бар тиісті рұқсат беру құжатының көшірмесі;