Toggle Dropdown
Өнеркәсіп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1130 Қаулысы
Редакция 18.09.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Тау-кен, пайдалы қазбаларды барлау, өндіру, химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
4) «Уларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
5) «Монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу, сатып алу және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
6) «Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
7) «Босатылатын оқ-дәрiлерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (жою, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
8) «Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
9) «Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
10) «Химиялық өнімдерді тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты;
11) «Бағалы металдармен, олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді арнайы есепке қою туралы анықтаманы беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
12) «Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытындыны беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
13) «Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық орындылығы (орынсыздығы) туралы қорытындыны беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзілсін:
1) «Экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 431 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 33, 406-құжат) мынадай өзгерістер:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кепiлдік мiндеттемені (түпкi пайдаланушының сертификатын) беру (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитетімен (бұдан әрі – Өнеркәсіп комитеті) жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет мынадай мекенжай бойынша көрсетіледі: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 1 қабат, № 1 кіру, тел: 8 (7172) 29-90-73, 24-14-07.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Өнеркәсіп комитетінде құжаттарды қабылдау Өнеркәсіп комитетінің кеңсесінде поштамен жөнелту не кеңсеге тапсыру жолымен мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 1 қабат, № 1 кіру, тел: 8 (7172) 29-90-73, 24-14-07.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне беріледі: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 2502 кабинет, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 29-90-00.
Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Дөрекі қызмет көрсетiлген жағдайда шағым Өнеркәсіп комитеті төрағасының атына беріледі: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1706 кабинет, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 29-90-73.
Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Шағымды қабылдау кезінде тұтынушыға күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
Берілген шағымға жауапты не шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1711 кабинет, тел: 8 (7172) 29-90-73, 24-14-07.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Экспорттық бақылауға жататын өнімге тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, қызметтерді, ақпаратты жатқызу туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Экспорттық бақылауға жататын өнімге тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, қызметтерді, ақпаратты жатқызу туралы қорытындыны беру (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі – Өнеркәсіп комитеті) жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет мына мекенжай бойынша көрсетіледі: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 1 қабат, № 1 кіру, тел: 8 (7172) 29-90-73, 24-14-07.»
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Өнеркәсіп комитетінде құжаттарды қабылдау Өнеркәсіп комитетінің кеңсесінде поштамен жөнелту не кеңсеге тапсыру жолымен мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 1 қабат, № 1 кіреберіс, тел: 8 (7172) 29-90-73, 24-14-07.»
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне беріледі: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 2502 кабинет, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 29-90-00.
Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым Өнеркәсіп комитеті төрағасының атына беріледі: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1706 кабинет, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 29-90-73.
Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Шағымды қабылдау кезінде тұтынушыға тiркелген күнi мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.