• Мое избранное
"Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 Қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 28.05.2014 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

"Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 1575 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 28.06.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 28.05.2014 жылғы № 562 Қаулысына сәйкес
Редакция 18.09.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 Қаулысымен (11.12.2012 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.11.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 1575 қаулысымен
бекітілген
  • 2
«Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ұйымдар) көрсетеді.
Ұйымдардың мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 175, 178-тармақтарының, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының, «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1310 қаулысының, «Интернатура туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 16 маусымдағы № 452 бұйрығының, «Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығының, «Резидентура туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 28 бұйрығының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (www.mz.gov.kz) және ұйымдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
  • 1
5. Мыналар:
1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша – диплом;
2) жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша – диплом;
3) интернатураны аяқтағаннан кейін – куәлік;
4) жоғары оқу орнынан кейін білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша, магистратураны және докторантураны аяқтағаннан кейін – диплом, резидентураны аяқтағаннан кейін – куәлік;
5) қосымша кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды аяқтағаннан кейін – куәлік беру көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
Аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру оқыту бағдарламаларының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында мамандандырылған аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары азаматтарға аккредиттелген білім беру оқыту бағдарламалары (мамандықтар) бойынша білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарды бере алады.
Ерекше мәртебесі бар білім беру ұйымдары білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарды бере алады.
Қайта даярлау, біліктілігін жоғарылату туралы құжаттар «Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығында бекітілген нысан бойынша беріледі.
Қайта даярлау, біліктілігін жоғарылату туралы құжаттарға ұйымның бірінші басшысы немесе оның орынбасары қол қояды және ол ұйымның мөрімен куәландырылады.
6. Мемлекеттік қызмет ұйымда оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан өткен жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
  • 1
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері қорытынды аттестаттау комиссиясының (біліктілік комиссиясы) немесе ұйым басшысының шешімі қабылданған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Жеке тұлғаға құжат салтанатты жағдайда жеке өзіне беріледі.
Құжатты жеке өзі алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ол белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхат бойынша басқа адамға беріледі.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі, осы стандарттың 5-тармағында көрсетілген құжаттардың телнұсқаларын беру ұйымның бекітілген баға прейскурантына сәйкес қолма-қол және/немесе қолма-қол емес есеп айырысу бойынша ақылы түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті алушыға телнұсқа төленген соманы және күнін растайтын төлем құжаты болған кезде беріледі.
9. Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз, жылдамдатылған қызмет көрсетусiз, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері ұйымның iшкi тәртiбiнiң қағидаларына сәйкес түскi үзiлiспен, сағат 10:00-нан 17:00-ге дейiн көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызмет білім алушы оқудан өткен ұйымның не оның филиалының орналасу орны бойынша көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарында қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпарат орналастырылған стенділер бар.
Мемлекеттік қызмет дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға қол жетімді болу үшін пандусы бар кіреберіспен жабдықталған ғимараттарда көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
  • 2
11. Даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжатты алу үшін жеке тұлғалар мынадай құжаттарды көрсетуі тиіс:
1) жеке куәлік;
2) кету қағазы немесе білім алушының ұйым алдында берешегінің жоқтығын растайтын өзге құжат.
12. Кету қағазы немесе білім алушының ұйым алдында берешегі жоқтығын растайтын өзге құжат осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша ұйымның аталған құжаттарды тіркеуге жауапты құрылымдық бөлімшелеріне беріледі.
Мемлекеттік қызметті алушының құжаттарды ұсынуын растау оны осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың тапсырылатын күні көрсетілетін есепке алу журналына тіркеу болып табылады.
14. Тиiстi бiлiм беру бағдарламасының игерілуін растайтын құжат мемлекеттік қызметті алушыға қолма-қол беріледі.
  • 1
15. Мемлекеттік қызметті ұсынуды тоқтату үшін білім алушының ұйымның алдындағы қаржылай немесе өзге де берешектері негіз болып табылады. Қаржылық немесе өзге де берешектерді жойған жағдайда мемлекеттік қызметті алушыға осы стандарттың 5-тармағында көрсетілген құжат беріледі.
16. Құжаттардың телнұсқалары мен оларға қосымшалар жоғалған құжаттардың орнына беріледі. Телнұсқаны беру үшін құжатты жоғалтқан азаматтың ұйым басшысының атына оны жоғалту жағдайы жазылған өтініші негіз болып табылады.
Азамат құжатты жоғалғандығы туралы ақпаратты мерзімді баспасөз басылымында орналастырғаннан кейін ұйым басшысы немесе оны алмастыратын адам құжаттың телнұсқасын беру туралы шешімді қабылдайды.
Құжаттың телнұсқасы өтініш түскен күннен бастап бір айдан кешіктірмей беріледі.
Құжаттың телнұсқасы құжаттың түпнұсқасы берілген тегіне, атына және әкесінің атына беріледі.
Құжаттардың телнұсқалары телнұсқа беру туралы шешім қабылданған сәтте қолданыстағы үлгі бланкілерінде беріледі және ұйымының басшысы және оның оқу жұмысы жөніндегі орынбасары қол қояды.
       Берілетін құжаттың бланкісінде оң жақ жоғарғы бұрышында «Түпнұсқаның орнына берілген № ____ телнұсқа» деген мөртабан қойылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Ұйымның қызметі, қызметтік міндетін орындау кезінде адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын орындау кезіндегі заңдылықтың сақталуына негізделеді және әдептілік, мемлекеттік қызметті көрсету бойынша егжей-тегжей ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа мен тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Ұйымның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткішінің нысаналы мәндері жыл сайын ұйым басшысының тиісті бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай және телефондар бойынша ұйым кеңсесінің қызметкері түсіндіреді.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша құжатты беруге жауапты ұйымның құрылымдық бөлімшесінің басшысына поштамен жазбаша түрде не қолма-қол беріледі.
22. Қызмет дұрыс көрсетілмеген жағдайда шағым осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша құжатты беруге жауапты ұйымның құрылымдық бөлімшесінің басшысына поштамен жазбаша түрде не қолма-қол беріледі.
23. Мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
24. Шағым ерікті түрде беріледі.
25. Шағым ұйымның кеңсесінде кіріс хат-хабарды есепке алу журналында тіркеледі. Шағым берген тұлғаға шағымды қабылдаған уақыты және күні, тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетіле отырып, талон беріледі.
Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген телефон бойынша алуға болады.
Шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
«Денсаулық сақтау саласы
кадрларының даярлаудан, біліктілікті
жоғарылатудан және қайта даярлаудан
өткені туралы құжаттар беру»
мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына
1-қосымша
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдары
 
Р/с
Ұйымның атауы Ұйымның орналасқан мекенжайы Жұмыс кестесі Басшының телефон нөмірі
1 2 3 4 5
1 «Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты» РМК Алматы қ., Манас к-сі, 34 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(8727) 2749689
2. «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» РМҚК Ақтөбе қ., Маресьев к-сі, 68 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87132) 563425
3. «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» РМК Алматы қ., Төле би к-сі, 88 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87272) 923014
4. «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» РМК Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 40 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87212) 518926
5. «Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті» РМК Семей қ., Абай к-сі, 103 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87222) 522251
6 «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» РМК Шымкент қ., Әл-Фараби к-сі, 1 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87252) 408208
7 «Астана медицина университеті» АҚ Астана қ., Сарыарқа көшесі, 95 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87172) 539541
(87172) 539545
8 «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» РМК Алматы қ., Өтепов к-сі, 19а сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87273) 378025
(87273) 297188
9 Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетi Түркістан қ., университет қалашығы сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87253) 363849
10 «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ Астана қ., Абылай хан даңғылы, 42 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87172) 231190
11 «Тері-венерология ғылыми-зерттеу институты» РМК Алматы қ., Райымбек даңғылы, 60 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87273) 974223
12 «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» РМҚК Алматы қ., Әл- Фараби даңғылы, 146 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87272) 697635
13 «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» РМК Астана қ., Абылай хан даңғылы, 15а сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87172) 547717
14 «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК Астана қ., Иманов к-сі, 50 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87172) 371199
15 «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» РМК Алматы қ., Абай даңғылы, 91 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87272) 921064
16 «Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» РМК Алматы қ., Достық даңғылы, 125 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87273) 870887
17 «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ Астана қ., Тұран даңғылы, 32 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87172) 701409
18 «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ Астана қ., Тұран даңғылы, 36 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87172) 511544
19 «Құрмет Белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» АҚ Алматы қ., Төле би к-сі, № 95а сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87272) 331786
20 «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» РМК Алматы қ., Әйтеке би к-сі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(8727) 2796751
21 «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ Астана қ., Тұран даңғылы, 34/1 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87172) 511594
22 «Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК Павлодар қ., Кутузов к-сі, 200 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87182) 605053
23 «Нашақорлықтың және психотерапияның, психиатрияның республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК Алматы қ., Амангелді к-сі, 88 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87272) 274832
24 «Жедел медициналық жәрдем республикалық ғылыми орталығы» АҚ Астана қ., Жәнібек, Керей хандар к-сі, 3 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87172) 543264
25 «Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы» РМҚК Алматы қ., Бекқожин к-сі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(8727) 2918692
26 «Еңбек гигиенасы мен кәсіби аурулар ұлттық орталығы» РМҚК Қарағанды қ., Мұстафин к-сі, 15 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87212) 561021, 565263
27 «А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы» АҚ Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 62 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87272) 2799282
28 «Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы» Алматы қ., Басенов к-сі, 2 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(8727) 378493
29 «Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы» РМК Алматы қ., Д.Қонаев к-сі, 86 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87272) 912081
30 «Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты» РМҚК Семей қ., Гагарин к-сі, 258 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87222) 546349
31 «Сот медицинасы орталығы» РМҚК Астана қ., Жеңіс даңғылы, № 119/1 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87172) 934043
32 «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» РМК Астана қ., Керей, Жәнібек хандар к-сі, № 10 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87172) 543300
33 «Республикалық орта медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау колледжі» РМҚК Алматы қ., Ш. Қалдаяқов к-сі, 54 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87272) 938213
34 «Көкшетау медицина колледжі» МКҚК Көкшетау қ., Глинин к-сі, 54 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87162) 315621, 315620, 314560
35 «Ақтөбе медицина колледжі» МКҚК Ақтөбе қ., Шерниязов к-сі, 18а сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87132) 400482, 400498
36 «Талдықорған қаласының медицина колледжі» МКҚК Талдықорған қ., Жансүгіров к-сі, 228 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87282) 224334, 224335
37 «Талғар медицина колледжі» МКҚК Талғар қ., Павлов к-сі, 24а сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(872774) 21993, 21611
38 «Атырау медицина колледжі» МКҚК Атырау қ., Құрманғазы к-сі, 7 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87122) 281038, 283850
39 «Өскемен медицина колледжі» ҚМКК Өскемен қ., 30 Гвардейская дивизия к-сі, 44 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87232) 540902, 540394
40 «Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медицина колледжі» ҚМКК Семей қ., Интернациональная к-сі, 38 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87222) 560725, 563500
41 «Жамбыл медицина колледжі» ҚМКК Жамбыл қ., Ниетқалиев к-сі, 20 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87262) 450320, 450319
42 «Батыс Қазақстан медицина колледжі» МҚКК Орал қ., Жәңгірхан к-сі, 67 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87112) 501183, 521538
43 «Қарағанды қаласының медицина колледжі» КМҚК Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 9 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87212) 414532, 414501
44 «Жезқазған қаласының медицина колледжі» КМҚК Жезқазған қ., Тарадая к-сі, 8 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87102) 722960
45 «Балқаш қаласының медицина колледжі» КМҚК Балқаш қ., Желтоқсан к-сі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(871036) 48550
46 «Қостанай медицина колледжі» МКҚК Қостанай қ., Баймағамбетов к-сі, 181 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87142) 547764
47 «Арқалық медицина колледжі» МКҚК Арқалық қ., Абай даңғылы, 23 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(871430) 72302
48 «Қызылорда медицина колледжі» МКҚК Қызылорда қ., Жақаев к-сі, 78 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87242) 230513, 230070, 230595
49 «Маңғыстау облыстық медицина колледжі» МКҚК Жаңаөзен қ., «Шұғыла», шағын ауданы 21б сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(872934) 32646
50 «Павлодар медицина колледжі» МКҚК Павлодар қ., Байзақов к-сі, 151 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87182) 573380
51 «Екібастұз медицина колледжі» ҚМКК Екібастұз қ., Ломоносов к-сі, 5 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(871877) 54306, 54462
52 «Солтүстік Қазақстан медицина колледжі» ҚМКК Петропавл қ., Шухов к-сі 42 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87152) 320869, 471486
53 «Шымкент медицина колледжі» МКҚК Шымкент қ., Жылқышиев к-сі, 43 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87252) 530910
54 «Түркістан медицина колледжі» МКҚК Түркістан қ., Қожанов к-сі, 42 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87253) 343157, 43156
55 «Жетісай медицина колледжі» МКҚК Жетісай қ., Л. Тоқбергенов к-сі, 3 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(872534) 67541
56 «Медицина колледжі» МКҚК Алматы қ. Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 132 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87272) 675905, 673662
57 «Қалалық медицина колледжі» МКҚК Астана қ. Астана қ., Ш. Құдайбердіұлы к-сі, 16 сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен
(87172) 560061
  • 1
«Денсаулық сақтау саласы
кадрларының даярлаудан, біліктілікті
жоғарылатудан және қайта даярлаудан
өткені туралы құжаттар беру»
мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына
2-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
 
Сапа және тиімділік көрсеткіштері Көрсеткіштің нормативтік мәні Көрсеткіштің алдағы жылдағы нысаналы мәні Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні
1 2 3 4
1. Уақтылылығы
1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)


2. Сапасы
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)


3. Қолжетімділігі
3.1. Қызмет көрсету сапасына және оның тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)


3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі)


4. Шағымдану үдерісі
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)


5. Сыпайылық
5. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)