Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Мәдениет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 83 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1614 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 27.04.2014 жылдан бастап ҚР Үкiметiнiң 24.02.2014 жылғы № 140 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мәдениет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 83 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 24, 343-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру»;
3) «Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу»;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Фильмге прокаттау куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
5-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Мемлекеттік қызметті алушы прокаттау куәлігін қағаз тасығышта алуға өтініш білдірген жағдайда, прокаттау куәлігі электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады және уәкілетті орган басшысының мөрімен және қолымен расталады.
Қағаз тасығышта берілген прокаттау куәлігі жоғалған немесе бүлінген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушының жазбаша сұранысы бойынша прокаттау куәлігі осы стандарттың 7-тармағында көрсетілген мерзімде қайта беріледі.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Мәдени құндылықтарды уақытша әкетуге және әкелуге рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Мыналардың:
1) «Әкетiлетiн және әкелiнетiн заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 24 қыркүйектегi № 976 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 53, 501-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 24 қыркүйектегi № 976 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 11 ақпандағы № 128 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 239-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1614 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 83 қаулысымен бекітілген
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк қызметті мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының мәдениет басқармалары (бұдан әрi – мәдениет басқармасы) көрсетеді, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы www.e.gov.kz немесе «Е-лицензиялау» веб-порталы: www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 22) тармақшасының, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының және «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 440 қаулысының негізінде көрсетіледі.
1) осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының интернет-ресурстарында;
2) ресми ақпарат көздерінде, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының ғимаратында орналасқан стенділерде, үлгілері бар ақпараттық тақталарда;
3) порталда орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат «электрондық үкіметі» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің (1414) телефоны арқылы да берілуі мүмкін.
5. Мәдениет басқармасының уәкілетті тұлғасының порталында ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік (бұдан әрі – куәлік) беру не электрондық құжат нысанында куәлік беруден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.
Егер мәдениет басқармасы белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметті алушыға куәлік бермеген немесе куәлік беруден дәлелді бас тартпаған жағдайда, оларды беру мерзімі өткен күнінен бастап куәлік берілді деп есептеледі.
Мәдениет басқармасы куәлік беру мерзімі өткен сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті куәлікті береді.
Мемлекеттік қызметті алушы куәлікті қағаз тасығышта алуға өтініш білдірген жағдайда, куәлік электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады және мәдениет басқармасы басшысының қолымен және мөрімен расталады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды мәдениет басқармасына өтінім тапсырылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде;
2) қажетті құжаттармен қоса мәдениет басқармасына өтінім не электрондық сұрауды тапсыру кезінде кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 10 минуттан аспайды;
4) осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды портал арқылы электрондық сұрауды тапсырған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызметті мәдениет басқармасы жұмыс күндері осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес жұмыс кестесі бойынша көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген.
Порталдың жұмыс кестесі – тәулік бойы.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәдениет басқармасының ғимаратында жүзеге асырылады. Үй-жай режимі: ғимаратқа кіру кіретін бөлек есігі бар рұқсаттама бюросы беретін біржолғы рұқсат қағазы бойынша жүзеге асырылады. Біржолғы рұқсат қағазы тікелей қызмет көрсететін лауазымды тұлғаның телефонмен берген өтінімі бойынша ресімделеді.
Құқықтық тәртіпті сақтау үшін ғимаратта тәуліктік күзет бекеті, өртке қарсы дабыл және басқа да қауіпсіздік шаралары бар. Подъездге кіреберіс дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандустармен жарақтандырылған.
Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушының жеке кабинетінде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттік қызметті алушы (не сенімхат бойынша өкілі) мынадай құжаттар және мәдени құндылықтар ретінде қаралатын заттарды ұсынады:
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |