• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 Қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы және мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 Қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 05.03.2014 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы және мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 842 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 16.05.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 05.03.2014 жылғы № 180 Қаулысына сәйкес
Редакция 18.09.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы және мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 5, 61-құжат):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2),  3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттары осы қаулының 1, 2, 3, 4 -қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.».
2) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 Қаулысымен (22.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 22 шілдедегі
№ 842 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2315 қаулысымен
бекітілген
«Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет Астана қаласы, Орынбор көшесі 8-үй, 14-кіреберіс 227-кабинет мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі – Комитет), интернет-ресурсы: www.mсi.gov.kz, сондай-ақ «электронды үкімет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметінің нысаны: толық автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 23 шілдедегі Заңының 4-3-бабының 2) тармақшасы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат электронды Үкімет порталында: www.e.gov.kz, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында: www.mсi.gov.kz орналастырылады.
5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу түрі мерзімді баспасөз басылымы және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою туралы куәлік беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет:
а) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – он бес жұмыс күні ішінде;
б) мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініш тіркелген сәттен бастап – он бес жұмыс күні ішінде;
в) мемлекеттік қызметті көрсету үшін портал арқылы электрондық сұраныс берілген сәттен бастап – он бес жұмыс күні ішінде;
2) өтініш беруші тіркелген кезде өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 5 минут;
3) өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 5 минут.
8. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес алынатын алымның ставкасы:
1) балалар және ғылыми тақырыптағы мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін құратын жеке немесе заңды тұлғалардан – алымды төлеген күнге қолданылатын екі айлық есептік көрсеткішті;
2) өзге де тақырыптағы мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін құратын жеке немесе заңды тұлғалардан алымды төлеген күнге қолданылатын бес айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін төленетін алымның ставкасы:
1) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жеке және заңды тұлғалардан алымды төлеген күнге қолданылатын 1,6 айлық есептік көрсеткішті;
2) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жеке және заңды тұлғалардан алымды төлеген күнге қолданылатын төрт айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою туралы куәлікті қайта рәсімдеу тегін жүзеге асырылады.
Алым Қазақстан Республикасының банктері арқылы төленеді, олар ақының мөлшері мен күнін растайтын түбіртек береді.
9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау сағат 9.00-дан 18.00-ға дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Қабылдау кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Портал арқылы өтініш білдірген кезде электронды сұраныстарды өңдеу Комитеттің жұмыс кестесі бойынша жүргізіледі.
10. Құқықтық тәртіпті қорғау үшін ғимаратта тәулік бойы күзет бекеті, өртке қарсы сигнализация және басқа қауіпсіздік шаралары бар. Кіреберіс дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандустармен жабдықталған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы мыналарды ұсынады:
1) белгіленген үлгідегі өтініш нысан бойынша (осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес);
2) жеке тұлғалар үшін – кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі;
3) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;
4) мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат.
Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін қайта есепке алу үшін, (меншік иесі ауысқан не ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, мерзімді баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттігінің аты, басылымның тілі, таралу аумағы, негізгі тақырыптық бағыты және шығару мерзімділігінің өзгеруіне байланысты) тұтынушы:
1) белгіленген үлгідегі өтініш нысан бойынша (осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес);