• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы N 1654 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 31-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымы бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) әкімшілік-аумақтық бірліктің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасын қоспағанда, осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымында көзделген құрылымдық бөлімшелерді қосу, біріктіру құқығын берсін;
2) осы қаулының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес қайта ұйымдастыруды жүргізген сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен өзге де мүдделі орталық мемлекеттік органдарды хабардар етсін.
3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 23 қазандағы
 N 1654 қаулысымен
 бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі
 құрылымы
6. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
8. Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы
10. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
12. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы