Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 және "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қарашадағы № 1436 Қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
Редакция 18.06.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 және «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулыларына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Toggle Dropdown
1) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2) «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат):
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Toggle Dropdown
2. Жергілікті атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі С. Ахметов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 12 қарашадағы
№ 1436 қаулысына
қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1324 қаулысына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері және облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті саны
Toggle Dropdown
Халқының саны 400000 адамнан аз облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 400000 адамнан астам облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 4 бірліктен аспауы тиіс.
Toggle Dropdown
Халқының саны 250000 адамнан аз аудандардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 250000 адамнан астам аудандардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 4 бірліктен аспауы тиіс.
Toggle Dropdown
*Саны облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша мемлекеттік қызметшiлердiң штат санын ескере отырып көрсетілген және әкiмдер аппараттарының және облыстар, Алматы және Астана қалалары, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, Қарағанды, Шымкент, Алматы, Астана қалаларындағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшiлерi санын қамтиды.