• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 6

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 желтоқсандағы N 1193 Қаулысы

Редакция 19.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті болып қайта аталсын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы N 1232 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1273  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 49, 525-құжат) күші жойылды деп танылсын.
5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдасын.
6. Осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін, осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағының 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларын, 2, 3, 5, 6-тармақтарын қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 6 желтоқсандағы
 N 1193 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
  • 1
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.09.2014 жылғы № 995 Қаулысымен (06.12.2007 ж. редакцияны қараңыз)
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 қазандағы N 1017  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,     2005 ж., N 37, 524-құжат): 
1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
3. "Автожол саласындағы сапаны арттырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 желтоқсанда N 1305  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 50, 643-құжат): 
4-тармақтың 1) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші абзацтары алынып тасталсын.
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен     толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 134  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 7, 58-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 20-тармағы алынып тасталсын.
5. "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің "Кеме қатынасының тіркелімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 наурыздағы N 142  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 8, 67-құжат): 
5-тармақтың 1) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары алынып тасталсын.
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы N 774  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 30, 327-құжат): 
1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.
7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі N 276 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі N 900  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 35, 385-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 6 желтоқсандағы
 N 1193 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2004 жылғы 24 қарашадағы
 N 1232 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру мәселелері бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы (бұдан әрі - Министрлік) болып табылады. 
Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Автомобиль жолдары комитеті, Азаматтық авиация комитеті, Көлік және қатынас жолдары комитеті, Көліктік бақылау комитеті.
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының  Конституциясына  және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен, Министрдің бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
8. Министрліктің заңды мекен-жайы: 
010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 47.
9. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Министрліктің кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің  функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады. 
Егер     Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, осындай қызметтен алынған кірістер республикалық     бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары
13. Министрліктің оның қызметі аясындағы негізгі міндеттері: 
1) көлік және коммуникация саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу; 
2) көлік және коммуникация саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру; 
3) көлік және оның өміршеңдік циклінің үдерістерін адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 
4) көлік және коммуникация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады.
14. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
1) көлік және коммуникацияны дамытудың бағдарламалары мен тұжырымдамаларын әзірлейді, бекітеді, инвестициялық, ғылыми-техникалық және     әлеуметтік саясатты қалыптастырады және жүргізеді;