• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 09.09.2015 г

Отправить по почте

2

Ұлттық компанияның үлестік қатысуы көзделетін келісімшарттарда ұлттық компанияның мемлекеттік мүдделерді білдіру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 122 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 9 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 630 Қаулысына сәйкес
«Ұлттық компанияның үлестік қатысуы көзделетін келісімшарттарда ұлттық компанияның мемлекеттік мүдделерді білдіру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.03.2015 жылғы  № 397 және ҚР Энергетика министрінің 31.03.2015 жылғы № 257 Бірлескен бұйрығын қараңыз
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 32) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық компанияның үлестік қатысуы көзделетін келісімшарттарда ұлттық компанияның мемлекеттік мүдделерді білдіру қағидасы бекітілсін.
1) «Мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердігерлермен келісім-шарттарда Ұлттық компанияның келісім-шарттары міндетті үлестік қатысуы арқылы мемлекеттік мүдделерді білдіру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 маусымдағы № 708 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1184 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 44, 484-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 273-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 10 ақпандағы
 № 122 қаулысымен
 бекітілген
Ұлттық компанияның үлестік қатысуы көзделетін келісімшарттарда ұлттық компанияның мемлекеттік мүдделерді білдіру қағидасы 1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және ұлттық компанияның үлестік қатысуы көзделетін келісімшарттарда ұлттық компанияның мемлекеттік мүдделерді білдіру тәртібін белгілейді.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда ұлттық компанияның мемлекеттік мүдделерді білдіруі жер қойнауын пайдалану саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты үлестік қатысу арқылы іске асыру тәртібімен жүзеге асырылады.
2. Осы Қағидада Заңда белгіленген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аффилиирленген тұлға - ұлттық компания тікелей және (немесе) жанама түрде шешімдерді анықтауға және (немесе) егер осы заңды тұлғаның негізгі қызметі жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, мұндай тұлға қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар заңды тұлға;
2) келісімшартта міндетті қатысу үлесі - келісімшартқа ұлттық  компанияның қатысуының конкурс өткізу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін пайызбен көрсетілген үлесі;
3) оператор - келісімшартты орындауға байланысты қызметті жедел басқаруды және есепке алу-есеп беру операцияларын жүзеге асыратын (уәкілетті өкіл), оның іс-әрекеті үшін жер қойнауын пайдаланушылар мүліктік жауапкершілікте болатын, құзыретті органның жазбаша хабарламасы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар құратын немесе белгілейтін заңды тұлға.
2. Конкурс нәтижелері бойынша жасалған келісімшарттарда ұлттық компанияның міндетті қатысу үлесін анықтау
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұлттық компанияның міндетті қатысу үлесінің шамасы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында және теңізде жер қойнауы учаскелері бөлігінде жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның ұсыныстары негізінде құзыретті орган қалыптастырған, конкурсқа шығарылатын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекітеді.
4. Осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген Жер қойнауы учаскелерінің тізбесі тікелей келіссөздер негізінде ұлттық компания ұсынатын жер қойнауы учаскелері бойынша ұлттық компанияның ұсыныстары ескеріле отырып қалыптастырылады.
5. Құзыретті орган конкурс жариялау кезінде оның шарттарында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес конкурсқа шығарылатын жер қойнауы учаскесіндегі ұлттық компанияның міндетті қатысу үлесін және коммерциялық табылымға дейін ұлттық компаниядан басқа, өзге жер қойнауын пайдалану құқығын иеленушіге ұлттық компанияның міндетті қатысу үлесіне байланысты шығыстарды қаржыландыру қажеттігін көрсетеді.
6. Мемлекеттік мүдделерді білдіру оларға бекітілген өкілеттіктер шегінде, келісімшарттарда үлестік қатысу құқығын жүзеге асыру арқылы іске асырылады.
7. Ұлттық компания немесе оның аффилиирленген тұлғасы келісімшарттардағы қатысу үлестерін басқаруды келісімшарттарда көзделген органдар, бірлескен қызмет туралы шарттар және операторлардың құрылтай құжаттары (консорциумдар құрылған жағдайда) және (немесе) жарғылық капиталына бірлескен қатысумен ұйымдардың құрылтай құжаттары арқылы жүзеге асырады.
8. Келісімшартты орындау кезінде ұлттық компания өзге жер қойнауын пайдалану құқығын иеленушілермен келісімшартта көзделген мұнай операцияларын іске асыру үшін талап етілуі мүмкін келісімдердің кез келген түрлерін жасай алады және мұндай келісімдердің ережелері Келісімшарттың ережелеріне қайшы болмауға тиіс.
9. Келісімшарттарда мемлекеттік мүдделерді білдіру заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына және/немесе тапсырмаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, құзыретті органның және олардың құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдардың шешімдеріне және/немесе тапсырмаларына, сондай-ақ мұнай-газ және энергетика саласын дамыту бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Құзыретті орган ұлттық компаниямен мұнай-газ секторындағы мемлекеттік саясаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын негізгі бағыттарын өзгерту мүмкіндігін ескере отырып, міндетті үлестік қатысумен келісімшарттарда бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі қағидаттары туралы меморандум жасасады.
10. Ұлттық компания келісімшарттарда Қазақстан Республикасының заңнамасында және келісімшартта белгіленген тәртіппен мұнай операцияларын жүргізу кезінде мемлекеттік мүдделерді сақтауға, оның ішінде:
1) тауарларда, жұмыстар мен қызметтерде қазақстандық қамту бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындауға;
2) кадрларда қазақстандық қамту бойынша, сондай-ақ кемсітпеушілік негізде қазақстандық кадрлардың жағдайларын қамтамасыз ету және еңбекақы төлеу бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындауға;
3) Өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасының талаптарын сақтау бойынша;
4) жоғары технологияларды және кен орындарын барлау мен пайдаланудың оң практикасы негізінде жер қойнауы ресурстарын экономикалық тиімді игеруге, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
5) жоғары технологияларды, жаңа және өңдеуші өндірістерді дамыту мен пайдалануға, инфрақұрылымдық және өзге де объектілерді құруға және бірлесіп пайдалануға;
6) мемлекет пен жер қойнауын пайдаланушылардың экономикалық мүдделерінің балансына қол жеткізуге ықпал етеді.
11. Ұлттық компанияның немесе оның аффилиирленген тұлғасының үлесін төмендету нәтижесінде үлестік қатысу мөлшері осы Қағиданың 7-тармағында көрсетілген органдар қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
12. Ұлттық компанияның бастамасы бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату туралы шешім ұлттық компания ұсынған негіздемелерді, инвестициялық тәуекелдерді кешенді талдауды және мемлекеттік органдардың әлеуметтік сала үшін салдарды ескере отырып, жер қойнауын пайдалану саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберіндегі бар тапсырмалары ескеріле отырып қабылданады.
13. Ұлттық компания немесе оның аффилиирленген тұлғасы өзге жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалануға бұрын жасаған келісімшарттарда сатып алынған қатысу үлесін басқаруды осы келісімшарттардың ережелерін ескере отырып жүзеге асырады.
14. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт іске асырылатын аумақтағы елдің заңнамасында, халықаралық шартта және оны орындау үшін жасалған келісімдерде өзгеше көзделмесе, ұлттық компанияның өзге мемлекеттердің аумағында халықаралық шарттар негізінде іске асырылатын келісімшарттарда мемлекеттік мүдделерді білдіруі осы Қағидада көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.