Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің "Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 шілдедегі № 978 Қаулысы
Редакция 06.06.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Жасыл даму» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қоғам) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі мәні:
1) Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасын үйлестіру және іске асыру жөніндегі уәкілетті органның қызметін техникалық және консультациялық қамтамасыз ету;
2) Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасымен реттелетін климаттың өзгеруі мен парниктік газдар шығарындылары және Тұрақты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясымен, Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды жоюды бақылау туралы Базель конвенциясымен, Халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негізделген келісімнің рәсімі туралы Роттердам конвенциясымен; Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясымен; Үлкен қашықтықтарға ауаның трансшекаралық ластануы туралы конвенциямен; Озон қабатын бұзатын заттар бойынша Монреаль хаттамасымен; Озон қабатын бұзатын заттар бойынша Монреаль хаттамасымен және оған Лондон түзетуімен реттелетін қауіпті қалдықтарды басқару саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі;
3) сот шешімімен республикалық меншікке түскен иесіз қауіпті қалдықтарды басқару;
3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.01.2022 жылғы № 20 Қаулысымен (28.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)
4) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қағидатын іске асыру болып айқындалсын.
2-тармақ 4-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 18.01.2022 жылғы № 20 Қаулысына сәйкес
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қоғамның жарғысын бекітуді;
2) қоғамның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын беруді;
4) осы қаулыны іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 шілдедегі № 978 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (26.07.2012 ж. редакцияны қараңыз)
2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-153-жолмен толықтырылсын:
«21-153 «Жасыл даму» акционерлік қоғамы».
3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 300-2-жолмен толықтырылсын:
«300-2. «Жасыл даму» акционерлік қоғамы».
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 683 Қаулысымен (05.08.2013 ж. редакцияны қараңыз)
5. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1201 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 46, 554-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4.Жасыл даму» акционерлік қоғамы».
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 03.06.2022 жылғы № 361 Қаулысымен (18.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.06.2022 жылдан бастап)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |