• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 20.05.2010 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі N 1101 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ  АУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 20 шілдедегі
 N 1101 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: 
"Акционерлік қоғамдар" деген 2-бөлімде: 
реттік нөмірі 66-2-жол мынадай редакцияда жазылсын: 
"66-2. "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі". 
2. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы  N 822 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 33, 357-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында (екінші кезең): 
"Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (Бағдарламалардың) тізбесі" деген 5-бөлімде: 
"Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға арналған бюджеттік инвестициялар" деген кестеде: 
реттік нөмірі 20-жолдың 2 және 6-бағандарында "ҚазАгро" Ұлттық холдинг" деген сөздер "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын. 
3. "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 1287 қаулысында: 
тақырыбындағы және 1-тармақтағы "ҚазАгро" ұлттық холдингі" деген сөздер "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын; 
көрсетілген қаулыға қосымшада: 
тақырыбындағы және "Мамытбеков Асылжан Сарыбайұлы - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы" деген жолдағы "ҚазАгро" ұлттық холдингі" деген сөздер "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын. 
4. "Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпы ұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 12, 140-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпы ұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында: 
реттік нөмірлері 31, 39, 223, 258, 261, 262, 264, 265, 269, 301, 303-жолдардағы 2 және 3-бағандарда "ҚазАгро" ҰХ" деген сөздер "ҚазАгро" холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын; 
Ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында: 
"ҚазАгро" ҰХ" АҚ - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: 
"ҚазАгро" холдингі" АҚ - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы". 
5. "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 19, 214-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген бағдарламалық құжаттарда көзделген міндеттерді орындау үшін құрылған мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың тізбесінде: 
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген бөлімде: 
"ҚазАгро" ұлттық холдингі" деген сөздер "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын. 
6. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы N 753 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 32, 354-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында: 
"Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары" деген 1-бөлімде: 
"Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған басымдықтары" деген 3-тарауда: 
"4-басымдық. Экономиканы жаңғырту және әртараптандыру" деген 3.4-бөлімде: 
"3-шара. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту" деген 3.4.3-кіші бөлімде: 
оныншы абзацтағы "ҚазАгро" ұлттық холдингі" деген сөздер "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын; 
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі" деген 5-бөлімде: 
"Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға арналған бюджеттік инвестициялар" деген кестеде: 
реттік нөмірі 18-жолдың 2-бағанындағы "ҚазАгро" ұлттық холдингі" деген сөздер "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын. 
7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы N 754 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 32, 355-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясатында: 
бір жүз жиырма алтыншы, бір жүз елу тоғызыншы абзацтардағы "ҚазАгро" ұлттық холдингі" деген сөздер "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын. 
8. "Қазіргі заманғы инфрақұрылымды дамыту жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 932 қаулысында: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазіргі заманғы инфрақұрылымды дамыту жоспарында: 
Ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында: 
"ҚазАгро" ұлттық холдингі" деген сөздер "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын;