• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Осы редакция 05.12.2007 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы N 164 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI : 
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң шекарадағы және көлiктегi мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау аймақтық бөлiмшелерi осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң аумақтық инспекциялары - мемлекеттiк мекемелерi және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң шекарадағы және көлiктегi аймақтық мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бөлiмшелерi болып қайта ұйымдастырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, тиiстi қажеттi материалдық-техникалық құралдарды және өзге де мүлiктi Комитетке берудi қамтамасыз етсiн.
4. Қоса берiлiп отырған: 
1)  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды - 28.10.2007. № 995 (02.03.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн. 
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.10.2007. № 995 Қаулысымен (02.03.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
5.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.10.2007. № 995 Қаулысымен (02.03.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
1) "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47  қаулысында: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктердiң, агенттiктер мен ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде: 
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi" деген реттiк нөмiрi 6-жолда: 
3-бағанда: 
"289" деген сандар "243" деген сандармен ауыстырылсын; 
"32" деген сандар "29" деген сандармен ауыстырылсын; 
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: 
"Агроөнеркәсiптiк кешендегі мемлекеттiк инспекция комитеті 49"; 
көрсетілген қаулымен бекітiлген министрлiктердiң, агенттiктер мен ведомстволардың аумақтық органдары қызметкерлері штат санының лимиттерiнде: 
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi" деген реттiк нөмiрi 4-жолда: 
"ведомстволарды қоспағанда, министрлiктiң аумақтық органдары 6623" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: 
"Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетi 6623";
2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегi N 310  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат): 
1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын; 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы ережеде:
2-тармақта: 
1) тармақшадағы "және iске асыру" деген сөздер алынып тасталсын; 
3) тармақша алынып тасталсын;
4-тармақтың екiншi абзацы ", Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитеті" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта: 
екiншi абзац алынып тасталсын; 
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
"Министрлiктiң заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36.";
11-тармақта: 
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
"11. Министрлiк мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функцияларды жүзеге асыру үшiн:"; 
1), 4), 5), 11), 13), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 27), 31), 32), 35), 36), 37), 38), 39) тармақшалар алынып тасталсын;
12-тармақ алынып тасталсын;
13-тармақтың 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12) және 17) тармақшалары алынып тасталсын;
19-тармақта: 
1) тармақшадағы "мен Министрлiктiң аумақтық органдары" деген сөздер алынып тасталсын; 
2) тармақшадағы "мен аумақтық органдардың басшыларын" деген сөздер алынып тасталсын; 
3) тармақшадағы "аумақтық органдардың" деген сөздер "ведомстволардың" деген сөзбен ауыстырылсын; 
4) тармақшадағы "және оның аумақтық органдарының", "мен аумақтық органдары" деген сөздер алынып тасталсын; 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi туралы ережеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 25."; 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi туралы ережеде: