Bestprofi Logo

Қаулы № 164 от 2007-03-02г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің кейбір мәселелері

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы N 164 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң шекарадағы және көлiктегi мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау аймақтық бөлiмшелерi осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң аумақтық инспекциялары - мемлекеттiк мекемелерi және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң шекарадағы және көлiктегi аймақтық мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бөлiмшелерi болып қайта ұйымдастырылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, тиiстi қажеттi материалдық-техникалық құралдарды және өзге де мүлiктi Комитетке берудi қамтамасыз етсiн.

1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.10.2007 № 995 Қаулысымен. (02.03.2007 жылғы редакцияны қараңыз)

2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi;

3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі бекiтiлсiн.

4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.10.2007 № 995, 22 (02.03.2007 жылғы редакцияны қараңыз).05.2007 № 205 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)

5. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.10.2007 № 995 Қаулысымен (02.03.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)

6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.

7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

Күші жойылды ҚР Үкіметінің 15.04.2008 № 339 Қаулысымен. (28.02.2008 жылғы редакцияны қараңыз)

2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегi N 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):

1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы ережеде:

1) тармақшадағы "және iске асыру" деген сөздер алынып тасталсын;

4-тармақтың екiншi абзацы ", Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитеті" деген сөздермен толықтырылсын;

үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"Министрлiктiң заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36.";

бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"11. Министрлiк мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функцияларды жүзеге асыру үшiн:";

1), 4), 5), 11), 13), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 27), 31), 32), 35), 36), 37), 38), 39) тармақшалар алынып тасталсын;

13-тармақтың 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12) және 17) тармақшалары алынып тасталсын;

1) тармақшадағы "мен Министрлiктiң аумақтық органдары" деген сөздер алынып тасталсын;

2) тармақшадағы "мен аумақтық органдардың басшыларын" деген сөздер алынып тасталсын;

3) тармақшадағы "аумақтық органдардың" деген сөздер "ведомстволардың" деген сөзбен ауыстырылсын;

4) тармақшадағы "және оның аумақтық органдарының", "мен аумақтық органдары" деген сөздер алынып тасталсын;

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi туралы ережеде:

"6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 25.";

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi туралы ережеде:

"6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36.";

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ауылдық аумақтар iстерi комитетi туралы ережеде:

"6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36.";

3) "Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң және Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 2 тамыздағы N 730 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 28, 307-құжат):

8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание