Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы N 205 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - ұйымдар) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) ұйымдардың жарғыларына тиісті өзгерістер енгізуді және олардың әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы N 205 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелері
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Республикалық эпизоотияға қарсы күрес отряды" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық эпизоотияға қарсы күрес отряды" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Республикалық ветеринариялық зертхана" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық ветеринариялық зертхана" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Фитосанитария" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Фитосанитария" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Республикалық карантиндік зертхана" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық карантиндік зертхана" мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылсын.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Республикалық интродукциялық-карантиндік питомник" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық интродукциялық-карантиндік питомник" мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылсын.
6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылсын.
7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Республикалық дәнді дақылдардың интродукциялық-карантиндік питомник" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық дәнді дақылдардың интродукциялық-карантиндік питомник" мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылсын.
8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика және әдіснама ұлттық орталығы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің»Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика және әдіснама ұлттық орталығы" мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылсын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы»28»ақпандағы N 205 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 44-102, 44-103, 504-жолдар алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті";
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |