• Мое избранное
Селекциялық жетістіктердің патентке қабілеттілігіне сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарау ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 Қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Селекциялық жетістіктердің патентке қабілеттілігіне сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарау ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 тамыздағы N 751 Қаулысы

«Сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.11.2015 жылғы № 3-3/997 Бұйрығын қараңыз
Редакция 24.02.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының " Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы " 1999 жылғы 13 шілдедегі және " Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы " 1998 жылғы 9 шілдедегі заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.02.2016 жылғы № 105 Қаулысымен (15.08.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.03.2016 жылы № 44 (28170) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде: 
13-тармақ мынадай мазмұндағы 55-1) тармақшамен толықтырылсын: 
"55-1) мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктерді сынауды және сапасын анықтауды жүргізеді;";
14-тармақтың 128) тармақшасы алынып тасталсын.
3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 15 тамыздағы
 N 751 қаулысымен
 бекітілген
Селекциялық жетістіктердің патентке қабілеттілігіне сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарау ережесі
Ереже күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.02.2016 жылғы № 105 Қаулысымен (15.08.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.03.2016 жылы № 44 (28170) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды