"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 6-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы N 1730 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 20 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2015 жылғы № 1108 Қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.06.2015 жылғы № 15-08/590 Бұйрығын қараңыз
"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 6-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ереже бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден қорғау жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы N 773 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 31, 311-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы N 454 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 24, 241-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы N 1730 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ереже (бұдан әрі - Ереже) «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына және 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы келісіміне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 08.02.2012 № 212 (30.10.2009 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.02.2014 жылғы № 78 Қаулысымен (08.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.04.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
алып қою актісі - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда залалданған карантинге жатқызылған өнімді алуға өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор беретін құжат;
карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру - карантинге жатқызылған өнімді пестицидтермен, оның ішінде фумиганттармен өңдеу (газды дезинсекция), карантиндік және басқа зиянды организмдерді жою мақсатында рефрижерациялау (жемістерді салқындату), сондай-ақ жүктерді және көлік құралдарын арамшөптерден босату үшін оларды тазалаудың механикалық тәсілдерін қолдану;
Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау - әкелу, әкету, мемлекетішілік тасымалдау және карантинге жатқызылған өнімді өткізу тәртібі мен шарттарын қамтамасыз етуге, сондай-ақ өсімдіктер карантині жөніндегі шараларды өткізуге бағытталған фитосанитариялық шаралар кешені;
карантинге жатқызылған өнімді фитосанитариялық сараптау – карантиндік объектілерді, бөтен текті түрлерді және басқа зиянды организмдерді анықтау және олардың түрлік құрамын айқындау мақсатында карантинге жатқызылған өнім легінен іріктеп алынған үлгілерді зерттеу;
карантинге жатқызылған өнім легі - бір көлік құралымен бір жеткізілетін пунктке бір алушыға жіберуге арналған карантинге жатқызылған өнімнің саны;
карантиндік зертхана - мемлекеттік мекеменің карантинге жатқызылған импорттық және отандық өнімдегі карантиндік объектілерді анықтау мәніне олардың үлгілеріне сараптама жүргізілетін және объектілердің карантиндік және бөтен текті түрлерге тиесілілігі белгіленетін, аспаптармен және карантиндік объектілер жөніндегі әдебиетпен жабдықталған стационарлық зертханасы;
карантиндік тексеру - карантинге жатқызылған өнімнің кез келген бөлігін зерттеуге, сондай-ақ карантинге жатқызылған өнімнің әртүрлі бөліктерінен үлгілерді іріктеп алуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тауарлардың орамасын немесе көлік құралының жүк орнын не ыдыстарды, контейнерлерді және карантинге жатқызылған өнім орналасқан немесе орналасуы мүмкін өзге де орындарды ашумен байланысты карантинге жатқызылған өнімді көру арқылы тексеру;
карантиндік тексеру актісі - карантинге жатқызылған өнімнің кез келген бөлігін зерттеуге, сондай-ақ карантинге жатқызылған өнімнің әртүрлі бөліктерінен үлгілерді іріктеп алуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тауарлардың орамасын немесе көлік құралының жүк орнын не ыдыстарды, контейнерлерді және карантинге жатқызылған өнім орналасқан немесе орналасуы мүмкін өзге де орындарды ашумен байланысты карантинге жатқызылған өнімді көру арқылы тексеру сәтіндегі куәландыратын, карантинге жатқызылған өнімнің және көлік құралының жүк орнының карантиидік жай-күйін растайтын және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор беретін құжат;
карантиндік хабарлама - өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органды алдағы уақытта карантинге жатқызылған өнімнің түсетіні, оның жай-күйі және (немесе) ол жеткізілетін пунктте егжей-тегжейлі тексеру қажеттігі туралы хабардар етуші құжат;
қайтару актісі - әкелуге жатпайтын карантинге жатқызылған импорттық өнімді қайтаруға немесе карантинге жатқызылған өнімді тасымалдаушы карантинге жатқызылған өнімді өсімдіктер карантині жөніндегі бақылауға көрсетуден бас тартқан жағдайда өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор беретін құжат;
өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өсімдіктер карантині саласындағы басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
өсімдіктер - тұқымдарын қоса алғанда, тірі өсімдіктер және олардың бөліктері;
өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар - карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою, залалданған, карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру, техникалық қайта өңдеу, тазарту және жою, үй-жайлар мен көлік құралдарын залалсыздандыру мен тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге бағытталған мемлекеттік іс-шаралар жүйесі;
өсімдік салымдары - почта жөнелтімдеріндегі, жолаушылардың қол жүгі мен багажындағы өсімдіктер карантині жөніндегі бақылауға жататын өсімдік тектес өнім;
өсімдіктердің сыртқы карантині - карантиндік объектілердің карантинге жатқызылған өнімнің импортымен әкелінуінің және экспортымен әкетілуінің алдын алуға бағытталған өсімдіктер карантині;
өсімдік тектес өнім - өзінің табиғаты және (немесе) қайта өңдеу тәсілі бойынша карантиндік объектілердің Қазақстан Республикасының аумағына енуі және (немесе) онда таралуы қатерін төндіретін қайта өңделмеген өсімдік тектес материал (шикізат);
өсімдіктердің ішкі карантині - карантиндік объектілердің Қазақстан Республикасының ішінде таралуының алдын алуға, карантиндік объектілердің ошақтарын уақтылы анықтауға, оқшаулауға және жоюға бағытталған өсімдіктер карантині;
рефрижерация - жеміс шыбындарынан және олардың дернәсілдерінен залалсыздандыру мақсатында жаңа піскен цитрус жемістерін арнайы ыдыстарда тоңазыту;
транзит елі - карантинге жатқызылған өнім сақталмай, бөліктерге бөлінбей, қайта оралмай өтетін және осы елде карантиндік объектілермен залалдану қатеріне ұшырамайтын ел;
фитосанитариялық бақылау бекеті - шекара және кеден пункттері аумағында (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-түс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізетін пункттер ) орналасқан, уәкілетті орган ведомствосының өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруға қажетті жабдықтармен және аспаптармен жарақтандырылған бөлімшесі;
карантинге жатқызылған өнім тізбесі - өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын карантинге жатқызылған өнім тізбесі;
карантиндік қарау - ыдысты, ораманы ашпастан және үлгілер іріктеп алмастан карантинге жатқызылған өнімді, оның ішінде көлік құралдарын, жеке тұлғалардың багажын, сондай-ақ жүк ыдыстарын көру арқылы тексеру.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.02.2012 № 212 Қаулысымен (30.10.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден қорғауға, оларды анықтауға, оқшаулауға және жоюға, өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға бағытталған.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.02.2012 № 212 Қаулысымен (30.10.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4. Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар:
ауыл шаруашылығы, орман және сәндік дақылдардың тұқымдары мен отырғызылатын материалын, өсімдіктерге және олардың бөліктеріне (қалемшесі, жуашығы, түйнегі, жемісі), басқа өсімдік тектес өнімге;
жәндіктердің, өсімдіктер ауруларын қоздырушылардың коллекцияларына, гербарийлерге және тұқымдар коллекцияларына;
почта жөнелтімдеріндегі, жолаушылардың қол жүгі мен багажындағы өсімдік салымдарына;
көкөністерге, жемістерге, жидектерге, саңырауқұлақтарға, сондай-ақ жаңғақтарға, жер жаңғағына, ұнға, жармаға, дәнді кофеге, какао-бұршаққа, кептірілген жемістер мен көкөністерге, темекіге және шикі қантқа;
азық-түліктік, жемдік және техникалық астыққа және оның қайта өңделген өнімдеріне, копраға, ашытқыға, күнжараға, жомға, мақтаның, зығырдың және басқа жіп иіру дақылдарының талшықтарына, дәрілік өсімдік шикізатына, сондай-ақ былғары шикізатына және жүнге;
ыдысқа, ағашқа, буып-түю материалдарына (синтетикалықтарды қоспағанда), топырақ құймалары мен үлгілеріне;
басқа мемлекеттерден немесе карантиндік аймақтардан келген көлік құралдарына;
өсімдік тектес өнімді өсіретін, дайындайтын, жинайтын, қайта өңдейтін және өткізетін ұйымдардың, шаруа (фермер), үй маңы және саяжай қожалықтарының аумағына және үй-жайларына;
ауыл шаруашылығы, орман, су және басқа мақсатқа арналған жерлерге қолданылады.
5. Қызметі өсімдік текті өнімді өндіруге, дайындауға, сатуға, тасымалдауға байланысты жеке тұлғалар кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары осы ұйымдарда карантиндік іс-шаралардың орындалуына жауапты адамдарды айқындайды және олардың жұмыс істеуі үшін жағдайлармен қамтамасыз етеді.
2. Карантинге жатқызылған өнімді әкелу кезіндегі қорғау тәртібі (өсімдіктердің сыртқы карантині)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |