Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1730 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 ақпандағы № 212 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 20 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2015 жылғы № 1108 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1730қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 445-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ережеде:
«1. Осы Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ереже (бұдан әрі - Ереже) «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына және 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы келісіміне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау тәртібін айқындайды;»;
«карантинге жатқызылған өнім легі - бір көлік құралымен бір жеткізілетін пунктке бір алушыға жіберуге арналған карантинге жатқызылған өнімнің саны;»;
«карантиндік тексеру - карантинге жатқызылған өнімнің кез келген бөлігін зерттеуге, сондай-ақ карантинге жатқызылған өнімнің әртүрлі бөліктерінен үлгілерді іріктеп алуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тауарлардың орамасын немесе көлік құралының жүк орнын не ыдыстарды, контейнерлерді және карантинге жатқызылған өнім орналасқан немесе орналасуы мүмкін өзге де орындарды ашумен байланысты карантинге жатқызылған өнімді көру арқылы тексеру;
карантиндік тексеру актісі - карантинге жатқызылған өнімнің кез келген бөлігін зерттеуге, сондай-ақ карантинге жатқызылған өнімнің әртүрлі бөліктерінен үлгілерді іріктеп алуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тауарлардың орамасын немесе көлік құралының жүк орнын не ыдыстарды, контейнерлерді және карантинге жатқызылған өнім орналасқан немесе орналасуы мүмкін өзге де орындарды ашумен байланысты карантинге жатқызылған өнімді көру арқылы тексеру сәтіндегі куәландыратын, карантинге жатқызылған өнімнің және көлік құралының жүк орнының карантиидік жай-күйін растайтын және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор беретін құжат;»;
«рефрижерация - жеміс шыбындарынан және олардың дернәсілдерінен залалсыздандыру мақсатында жаңа піскен цитрус жемістерін арнайы ыдыстарда тоңазыту;»;
жиырма бірінші абзац мынадай редакцияда баяндалсын:
«фитосанитариялық бақылау бекеті - шекара және кеден пункттері аумағында (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-түс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізетін пункттер) орналасқан, уәкілетті орган ведомствосының өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруға қажетті жабдықтармен және аспаптармен жарақтандырылған бөлімшесі;»;
мынадай мазмұндағы жиырма екінші және жиырма үшінші абзацтармен толықтырылсын:
«карантинге жатқызылған өнім тізбесі - өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын карантинге жатқызылған өнім тізбесі;
карантиндік қарау - ыдысты, ораманы ашпастан және үлгілер іріктеп алмастан карантинге жатқызылған өнімді, оның ішінде көлік құралдарын, жеке тұлғалардың багажын, сондай-ақ жүк ыдыстарын көру арқылы тексеру.»;
3-тармақта:
бірінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден қорғауға, оларды анықтауға, оқшаулауға және жоюға, өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға бағытталған.»;
екінші бөлік алынып тасталсын;
«6. Жеке және заңды тұлғалар карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына жеткізуге шарттар жасасу кезінде уәкілетті органнан карантиндік объектілердің әкелінуінің алдын алу жөніндегі карантиндік шаралар туралы қажетті ақпарат алады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген әкелу шарттарының орындалуын қамтамасыз етеді.
7. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасына әкелу фитосанитариялық бақылау бекеттері арқылы ғана әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптарға сәйкес және экспорттаушы елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген карантинге жатқызылған өнім тізбесіне сәйкес карантинге жатқызылған өнімнің әрбір легіне берілген фитосанитариялық сертификаттары болғанда жүзеге асырылады.»;
8, 9, 10-тармақтар алынып тасталсын;
«13. Жерсіндіру-карантиндік көшеттіктерде міндетті тексеру шартымен, карантиндік объектілермен залалданудың жасырын нысаны бар карантинге жатқызылған мынадай өнімді:
ғылыми-селекциялық мақсаттар және сортты сынау үшін тұқымдардың үлгілері мен отырғызу материалын;
ғылыми-зерттеу мекемелері және ботаникалық бақтар арасында алмасу тәртібімен тұқымдардың үлгілері мен отырғызу материалын әкелуге рұқсат етіледі.»;
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
«13-1. Мынадай карантинге жатқызылған өнімді:
1) көрсетілген өнім отырғызу немесе тұқымдық материал немесе картоп болып табылмайды деген шартпен кеме, ұшақтар, жолаушы вагондар, автокөлік құралдары жолаушыларының, экипаж мүшелерінің қолжүгінде;
2) № 15 «Ағаш орама материалдарды халықаралық саудада реттеу жөніндегі нұсқаулық» фитосанитариялық шаралары бойынша халықаралық стандартқа сәйкес халықаралық үлгідегі арнайы таңбалау белгісі болған жағдайда ағаш орама және бекіткіш материалдарды;
3) көлік құралдарынан сыртқа шығару құқығынсыз, көлік құралдарындағы және осы көлік құралдары командалары мен экипаждарының азық-түлік мақсатына арналған карантинге жатқызылған өнімді экспорттаушы елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің фитосанитариялық сертификаттарын көрсетпестен әкелуге рұқсат етіледі. Көлік құралдарындағы карантиндік объектілермен залалданған азық-түлік қоры өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың ұйғарымы бойынша залалсыздандырылады, жойылады немесе көлік құралының Қазақстан Республикасының аумағында болу кезеңінде арнайы қойма жайларында пломбаланады.»;
«14. Карантинге жатқызылған өнімді кедендік ресімдеу фитосанитариялық сертификаттарға және әкелуге (әкетуге) рұқсат туралы тауар-көліктік құжаттарға өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың тиісті белгісін қоя отырып, өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалаудан еткеннен кейін жүзеге асырылады.»;
«16. Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантинге жатқызылған өнімді өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалауды уәкілетті органның фитосанитариялық бақылау бекеттерінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады.
17. Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалау, сондай-ақ фитосанитариялық бақылау бекеттерінде, карантииге жатқызылған өнім жеткізілетін пункттерде тексеру осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті актіні ресімдей отырып, карантинге жатқызылған өнімді кедендік тексерудің алдында немесе онымен бір мезгілде жүзеге асырылады.
18. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнім иелеріне Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы қолданыстағы заңнамасын түсіндіреді, әкелінетін карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін және экспорттаушы елдің ұлттық карантиндік қызметінің фитосанитариялық сертификатының болуын тексереді, көлікті, карантинге жатқызылған өнімді сыртқы байқауды жүргізеді. Карантинге жатқызылған өнімді қарау кезінде оның үстінен, орамадан морфологиялық белгілері бойынша карантиндік объектілерге ұқсас организмдер, өсімдік аурулары белгілері, карантинге жатқызылған өнімді карантиндік объектілер бүлдірген белгілер табылған жағдайда карантиндік тексеру жүргізеді. Карантинге жатқызылған өнімнен үлгілер іріктеуді, карантиндік зиянкестерді, өсімдіктер ауруларын және арамшөптерді анықтау мақсатында оларды сол жерде зерттеуді жүргізеді. Карантиндік объектілерді сол жерде айқындау мүмкін болмаған жағдайда, үлгілер және объектілер Республикалық карантиндік зертханаға объектілердің карантиндік түрлерге түрлік тиесілілігін растауға жіберіледі.
19. Егер тасымалдаушы карантинге жатқызылған өнімді өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалауға ұсынудан бас тартқан жағдайда, онда бұл өнім экспорттаушы елге оның иесінің есебінен қайтарылуға жатады, бұл туралы өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қайтару актісін ресімдей отырып, уәкілетті органға, Қазақстан Республикасының шекара және кеден органдарына хабарлайды.»;
«Егер карантиндік объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру, тазарту, қайта өңдеу мүмкін болмаса және оны қайтаруға жағдайлар болмаса, онда бұл өнім Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен алынуға және жойылуға жатады.»;
«21. Карантинге жатқызылған өнім карантиндік тексеруден өткізілгеннен және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар жүргізілгеннен кейін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор жеткізу пунктіне әкелуге рұқсат бере отырып, тауар-көліктік ілеспе құжаттарға өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгіде мөртабан қояды және оның иесіне осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша карантиндік тексеру актісін береді.
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік қадағалау өткізілгеннен кейін фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантинге жатқызылған өнімдермен жүргізілетін жүк операцияларын (басқа көлік құралдарына қайта тиеуді) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың рұқсаты бойынша оның иелері жүргізеді.
Өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы бұзушылықтар болмаған жағдайда карантиндік тексеру актісі бір күн ішінде ресімделеді.
22. Карантиндік бақылаудан еткен және кедендік ресімдеуді фитосанитариялық карантиндік бақылау бекеттерде аяқтаған әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге, сондай-ақ көлік құралдары соңғы түсетін пунктге карантиндік қайта тексеру жүргізілмейді.»;
«23. Карантинге жатқызылған өнім соңғы түсетін пунктте кедендік рәсімдеуді аяқтау үшін карантинге жатқызылған өнімді және көлік құралдарын екінші тексеруді, талдау мен сараптауға үлгілер іріктеуді кейіннен зиянкестердің, өсімдік ауруларының және арамшөптердің түрлік құрамын белгілеуге сараптай отырып, уәкілетті органның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады, олардың нәтижелері бойынша осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша осы өнімді пайдалану шарттары туралы жазба жасай отырып, тексеру актісі жасалады.»;
«25. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан әкету Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы мемлекетаралық шарттарында және келісімдерінде, сондай-ақ импорттаушы елдердің өсімдіктер карантині жөніндегі ұлттық қызметтерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
27. Жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық сертификат алу үшін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне осы Ереженің 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім береді.
28. Әкетілетін карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін бастапқы тиеп-жөнелту орындарындағы және екінші рет, теңіз және өзен порттарында (айлақтарда), темір жол станцияларында, әуежайларда, почта байланысы ұйымдарында, ішкі сауда объектілерінде, автовокзалдарда (автостанцияларда) және өзге объектілерде экспорттық лектерді қайта тиеу (қалыптастыру) кезінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар белгілейді. Қайта тиемей әкету кезінде фитосанитариялық бақылау бекеттерінде фитосанитариялық сертификаттың дұрыс ресімделуін ғана қадағалау жүзеге асырылады.
29. Фитосанитариялық сертификатты карантинге жатқызылған өнімді тексеру актісі немесе өнімнің (жүктің) фитосанитариялық жай-күйін талдау негізінде карантинге жатқызылған өнімді (жүкті) зерттеген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор береді және өз қолы мен белгіленген үлгідегі мөрмен (мөртабанмен) растайды. Фитосанитариялық сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір легіне беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландыруға, жүргізілген залалсыздандыру, осы өнімді жеткізу жөніндегі басқа қосымша карантиндік талаптардың орындалғаны туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
Фитосанитариялық сертификат немесе оны беруден дәлелді бас тарту оны алуға өтінім берілген күнінен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді.
31. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды уәкілетті органның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады.
33. Карантиндік сертификат алу үшін жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органға осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім береді, сондай-ақ карантинге жатқызылған өнімді карантиндік жай-күйін айқындау үшін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға ұсынады.
Карантиндік сертификатты өнімнің (жүктің) фитосанитариялық жай-күйін талдау негізінде карантинге жатқызылған өнімді (жүкті) зерттеген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор береді және өз қолы мен белгіленген үлгідегі мөрмен (мөртабанмен) растайды. Карантиндік сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әр легіне беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландыруы, онда осы өнімді жеткізу жөніндегі қосымша карантиндік талаптардың орындалғаны туралы мәліметтер болуы тиіс.
Карантиндік сертификат немесе оны беруден дәлелді бас тарту оны алуға өтінім берілген күнінен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді.»;
мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:
«34-1. Егер тасымалдаушы карантинге жатқызылған өнімді өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүргізуге көрсетпеген жағдайда жүк жіберушіге қайтарылады.»;
«35. Көлік құралдары және карантиндік объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнім, әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптарда оны залалсыздандыру көзделген өнім, сондай-ақ карантиндік тұрғыдан әлеуетті қауіпті карантинге жатқызылған өнім өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың ұйғарымы бойынша залалсыздандыруға жатады.»;
мынадай мазмұндағы 5, 6 және 7-бөлімдермен толықтырылсын:
«5. Жеке және заңды тұлғалардың карантиндік шараларды жүргізу тәртібі
40. Қызметі карантинге жатқызылған өнімді өндірумен, әзірлеумен, қайта өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен байланысты жеке және заңды тұлғалар:
1) егістерді, аумақтарды, карантинге жатқызылған өнім сақталатын қоймаларды жүйелі түрде зерттеуді қамтамасыз етеді;
2) карантиндік объектілер табылған жағдайда бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органды хабардар етеді;
3) карантиндік арамшөптермен ластанған тұқымды себу үшін пайдаланбайды;
4) карантиндік объектілер тараған аймақта әзірленген карантинге жатқызылған өнімді бөлек сақтайды және тазалайды;
5) импорттық карантинге жатқызылған өнім сақталатын қоймалық жайларды жылына кемінде бір рет профилактикалық залалсыздандыру жүргізеді;
6) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының және уәкілетті органның өсімдіктер карантині жөніндегі тиісті іс-шараларды жүргізу туралы ұйғарымдарының талаптарын сақтайды және орындайды.
6. Жергілікті атқарушы органдардың карантиндік шараларды жүргізу тәртібі
41. Облыстардың (республикалық маңыздағы қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары карантиндік объектілердің таралуының есебін жүргізеді және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат береді.
Аудандар мен ауылдық округтарда карантиндік объектілердің таралуының есебін жүргізу үшін облыстың (республикалық маңыздағы қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының бұйрығымен маман тіркейді.
42. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың ұйғарымы бойынша теміржол станцияларында, теңіз және өзен порттарында (айлақтарында), әуежайларда, автовокзалдарда (автостанцияларда), ішкі сауда объектілерінде, почта байланысы ұйымдарында және өзге де объектілерде карантиндік аймақтарда жеке және заңды тұлғалардың - осы объектілердің иелерінің, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастырады.
43. Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның ұсынысы бойынша күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде тиісті аумақтарда карантиндік режим енгізе отырып карантиндік аймақты белгілеу немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
7. Карантин белгілеу мен оны алып тастау тәртібі
44. Карантиндік объектілер анықталғанда таралу шекарасын көрсете отырып, карантиндік объектінің түрі бойынша карантиндік аймақтар белгіленеді.
Уәкілетті орган облыстың (республикалық маңыздағы қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органымен бірлесе отырып:
1) фитосанитариялық бақылау бекеттерін айқындайды;
2) карантиндік шектеулер мен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар тізбесін әзірлейді;
3) карантиндік шектеулер мен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар тізбесін бір жұмыс күні ішінде жеке, заңды тұлғалардың және карантиндік аймақ халқының назарына жеткізеді.
45. Карантиндік аймақтарда карантиндік объектілер залалдаған карантинге жатқызылған өнімді әкетуге тыйым салынады немесе шектеу енгізіледі.
Карантинге жатқызылған өнімдерді карантиндік аймақтардан облыстардың (республикалық маңыздағы қаланың, астананың) тыс жерлерге әкету уақытша ұйымдастырылған фитосанитариялық бақылау бекеттері арқылы және карантиндік сертификаттар болған жағдайда рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден — фитосанитариялық сертификаттар болған жағдайда.
Карантиндік аймақты әкетілген карантинге жатқызылған залалданған өнім қайтарылуға, тазартуға, залалсыздандырылуға немесе өңдеуші ұйымдарға берілуге тиіс.
Карантинге жатқызылған залалданған өнімді залалсыздандыру немесе өңдеу мүмкін болмаған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынуға және жойылуға тиіс.
46. Карантиндік аймақтан алып тастау жүйелік зерттеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Егер карантиндік аймақты белгілеу сәтінен бастап үш жыл бойы карантиндік объектілер анықталмаса, уәкілетті органның ұсынысы бойынша осы аумақтан карантиндік аймақ алынып тасталады.»;
9-қосымшаның ескертпесінде 3-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 ақпандағы № 212 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ережеге 7-қосымша
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |