1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті функцияларын, өкілеттіктерін және мүлкін Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) бере отырып таратылсын.
Отправить по почте
Осы редакция 14.09.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы N 438 Қаулысы
"Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 наурыздағы N 302 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті функцияларын, өкілеттіктерін және мүлкін Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) бере отырып таратылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Агенттік туралы ереже;
2) Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген таратылатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Аэроғарыш комитетінің штат санының лимиті мен шығыстары заңнамада белгіленген тәртіппен Агенттікке беріледі деп белгіленсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы N 438 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) ғарыш қызметі саласындағы орталық атқарушы органдардың қызметіне басшылықты және заңнамада көзделген шекте оны салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган болып табылады.
2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің органдарында және банктерде заңнамаға сәйкес бюджеттік және валюталық шоттары болады.
Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкілеттік берілсе, Агенттіктің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болуға құқығы бар.
4. Агенттіктің заңды мекенжайы: Астана қаласы, Министрліктер үйі, 12-кіреберіс.
5. Агенттіктің толық атауы -»"Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі" мемлекеттік мекемесі.
6. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.
7. Агенттіктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен өз функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Агенттікке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, ондай қызметтен түскен»кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Агенттіктің негізгі міндеттері
8. Агенттіктің негізгі міндеттері:
1) ғарыш қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік саясат қалыптастыру және оның негізгі бағыттарын іске асыру;
2) өз құзыреті шегінде ғарыш саласындағы қызметті үйлестіру мен мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасында мақсатты ғарыш жүйелерін, жер үсті ғарыш инфрақұрылымы, оның ішінде»"Байқоңыр" ғарыш айлағы объектілерін, ғарыштық зерттеулер мен технологияларды, кадрлық әлеуетті қамтитын ғарыш саласын қалыптастыру және дамыту;
4) ғарыштық технологиялар мен қызметтер нарығын қалыптастыру үшін жағдай жасау;
5) Қазақстан Республикасында ғарыш қызметінің заңнамалық базасын құру;
6) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік техникалық қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру;
7) ғарыш қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
8) өз құзыреті шегінде»"Байқоңыр" кешенін Ресей Федерациясына жалға беру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру болып табылады.
3. Агенттіктің негізгі функциялары
9. Агенттіктің стратегиялық функциялары:
1) ғарыш саласын қалыптастыру мәселелерін қоса алғанда, ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу;
2) ғарыш қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде нормативтік құқықтық актілер мен ұсыныстар әзірлеу;
3) белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде халықаралық шарттар дайындау және қол қою болып табылады.
10. Агенттік заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік саясатты іске асыру саласында:
мақсатты ғарыш жүйелерін, жер үсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін, ғарыштық технологияларды құруды және дамытуды, еліміздің экономикасы салаларының, қорғанысы және ұлттық қауіпсіздігі мүдделері үшін ғарыш техникасын стандарттауды және сертификаттауды;
ғарыш қызметі саласындағы бағдарламалар мен жобаларды іске асыруды, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді;
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының»Байқоңыр» кешені жөніндегі халықаралық шарттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да халықаралық шарттарды орындау жөніндегі қызметін үйлестіруді және ғарыш қызметі саласындағы тиісті халықаралық ұйымдар мен институттардың қызметіне қатысуды;
Қазақстан Республикасындағы ғарыш инфрақұрылымы және ғарыш техникасы мен технологияларының әлемдік үрдісінің жағдайын талдауды және болжауды;
ғарыш қызметі саласында жұмыс істейтін заңды тұлғалардың қызметін талдауды;
ғарышкерлерді даярлауды ұйымдастыруды және үйлестіруді, ғарыш қызметі саласында кадрлар даярлауды және қайта даярлауды;
ғарыш қызметі саласында жұмыс істейтін мемлекет қатысатын ұйымдардың басқару органдарында мемлекеттің мүдделерін өз құзыреті шегінде білдіруді;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |