«Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгiнiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 438 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1814 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.09.2014 жылғы № 995 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 438 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 17, 191-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1814 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 438 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі туралы ереже 1. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) ғарыш қызметі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте ғарыш қызметі саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Агенттіктің ведомстволары жоқ.
3. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртабандары бар, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Егер Агенттікке оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
7. Агенттік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Агенттіктің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Агенттіктің орналасқан жері: пошталық индексі 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі.
10. Агенттіктің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі» мемлекеттік мекемесі. Агенттіктің қысқартылған атауы – «Қазғарыш».
11. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Агенттіктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Агенттікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, ондай қызметтен түскен кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2.Агенттіктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Агенттіктің миссиясы:
ел үшiн экономиканың және қоғамның қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын толыққанды жаңа ғарыш саласын қалыптастыру.
15. Міндеттері:
1) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
2) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
3 ) Қазақстан Республикасының ғарыш саласын қалыптастыру және дамыту;
4) ғарыштық технологиялар мен қызметтер нарығын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау;
5) Қазақстан Республикасында ғарыш қызметінің заңнамалық және шарттық-құқықтық базасын құру;
6) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
7) ғарыш қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
8) өз құзыреті шегінде «Байқоңыр» кешенін Ресей Федерациясының жалға алуы жөніндегі жұмыстарды үйлестіру.
16. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамытудың жай-күйі мен болжамына және ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдалануда әлемдік үрдістерге талдау жүргізеді;
2) ғарыш қызметін дамытудың басым бағыттары, сондай-ақ ғарыш қызметі саласында мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
3) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді қоса алғанда, ғарыш қызметі саласындағы жобаларды және бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз етеді;
4) ғарыштық орналастыру және қашықтықтан зондтауды бақылау құралдарын (ғарыш мониторингін) пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады;
5) өз құзыреті шегінде ғарыш қызметі саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдайды;
6) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен халықаралық шарттар жасасады;
7) ғарыш қызметін қазақстандық қатысушылар жүзеге асырған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағынан, сондай-ақ оны одан тыс жерлерде ғарыш объектілерін ұшыру туралы шешімдерді келісу және қабылдау тәртібін әзірлейді;
8) ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру тәртібін әзірлейді;
9) ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу тәртібін әзірлейді;
10) ғарыш кеңістігін пайдалану саласында лицензиялауды жүзеге асырады;
11) ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде ғарыш қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
13) ғарыш қызметінің қатысушылары қызметіне мониторинг жүргізеді;
14) мемлекеттің қатысуымен ғарыш қызметі саласында жұмыс істейтін ұйымдардың басқару органдарында мемлекет мүдделерін білдіруді өз құзыреті шегінде ұйымдастырады;
15) ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асырады;
16) ғарыш объектiлерiн және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу тәртiбiн әзірлейді;
17) ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады және ғарыш объектілерінің тіркелімін жүргізеді;
18) ғарыш кеңістігіне ұшырылатын Қазақстан Республикасының ғарыш объектілерінің таңбалануын айқындайды;
19) ғарышкерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру, сондай-ақ ғарыш қызметі саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтi ұйымдастыру мен үйлестiрудi жүзеге асырады;
20) Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
21) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес ғарыш қызметі саласындағы техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар әзірлеуді ұйымдастырады;
22) Қазақстан Республикасы үшiн жасалатын ғарыш техникасы өндiрiсiне арналған мемлекеттiк тапсырмалардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынады;
23) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну тәртібін әзірлейді;
24) Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату тәртiбiн әзірлейді;
25) дәлдiгi жоғары спутниктiк навигация жүйесi ұлттық операторының спутниктiк навигациялық қызметтердi ұйымдастыру және ұсыну тәртiбiн әзірлейді;
26) Қазақстан Республикасының Үкіметіне ғарыш жүйелерінің ұлттық операторларын, сондай-ақ олардың міндеттері мен функцияларын айқындау үшін заңды тұлғалардың тізбесін ұсынады;
27) Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңiстiгiнде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын, Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерiн құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын әзірлейді;
28) пайдаланудан шығарылған ғарыш объектілері мен техникалық құралдарды кәдеге жарату тәртібін әзірлейді;
29) ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау тәртібін белгілейді;
30) ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде өз құзыреті шегінде іздестіру, авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ аварияларды тексеруге қатысады;
31) ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдауды ұйымдастырады және жүргізеді;
32) ғарыш қызметі саласында заңнама талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
33) лицензиаттың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады;
34) ғарыш қызметі саласындағы және «Байқоңыр» кешені жөніндегі халықаралық шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
35) ғарыш қызметiнің мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi;
36) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының «Байқоңыр» кешені бойынша халықаралық шарттарды орындау жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
37) жалға алу жағдайында «Байқоңыр» кешенінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша Ресей Федерациясымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
38) Ресей Федерациясы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан жүзеге асыратын ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша жыл сайынғы қорытынды дайындауды және оны іске асыру мониторингін ұйымдастырады;
39) «Байқоңыр» кешенінің ұйымдастыру және өзге де шаруашылық мәселелерін белгіленген тәртіппен шешуді қамтамасыз етеді;
40) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының қарамағындағы «Байқоңыр» кешенінің объектілеріне жеке тұлғалардың кіруін қамтамасыз етеді;
41) «Байқоңыр» кешенінің жалға берілетін объектілері мен мүлкінің сақталу және пайдалану жағдайларын бақылауды жүзеге асыруға қатысады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
Агенттіктің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарға құқығы бар:
1) орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде қабылдауға;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
3) қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
Агенттік:
1) Агенттікке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз етуге;
2) ғарыш қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын және халықаралық құқық нормаларын ұстануға міндетті.
3. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру
18. Агенттікке басшылықты Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын төраға жүзеге асырады.
19. Агенттік төрағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Агенттік төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. Агенттік төрағасының өкілеттіктері:
1) ғарыш қызметі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
2) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Агенттікті білдіреді;
3) Агенттіктің жыл сайынғы даму жоспарларын бекітеді;
4) Агенттік алқасының және ғылыми-техникалық кеңесінің жұмысын ұйымдастырады және олардың мәжілістерінде төрағалық етеді;
5) Агенттікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралар үшін дербес жауапкершілікте болады;
6) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және оларға бұрыштама соғады;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Агенттіктің төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Агенттіктің төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
23. Агенттіктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.
4. Агенттіктің мүлкі
24. Агенттіктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Агенттіктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.
25. Агенттікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Агенттіктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
27. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1. «Инфракос» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында).
2. «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны» (шаруашылық жүргізу құқығында).
3. «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамы.
4. «Ғарыштық байланыс республикалық орталығы» акционерлік қоғамы.
5. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
6. «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамы.
7. «Қазсат» басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |