• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерiн - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 29.12.2007 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерiн - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы N 1 Қаулысы
Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Осы қаулыға  1-қосымшаға  сәйкес Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - мемлекеттiк мекемелер) құрылсын.
2. Мемлекеттiк мекемелер қызметiнiң негiзгi мәнi осы қаулыға  2-қосымшаға  сәйкес "жалғыз терезе" қағидаты бойынша өтiнiштердi қабылдау және ресiмделген құжаттарды беру жөнiнде мемлекеттiк қызмет көрсету болып белгiленсiн.
3. Мемлекеттiк мекемелердi қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен: 
1) мемлекеттiк мекемелердiң жарғыларын бекiтудi және әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
2) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулар мен өзгерiстер бекiтiлсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің         мiндетiн атқарушы
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2007 жылғы 5 қаңтардағы
 N 1 қаулысына
 1-қосымша
Құрылатын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - халыққа қызмет көрсету орталықтарының тiзбесi
1. Астана қаласы Алматы ауданының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы 
2. Астана қаласы Алматы ауданының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы 
3. Астана қаласы Сарыарқа ауданының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы 
4. Астана қаласы Сарыарқа ауданының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы 
5. Алматы қаласы Алмалы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы 
6. Алматы қаласы Түрксiб ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы 
7. Алматы қаласы Әуезов ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы 
8. Алматы қаласы Жетiсу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы 
9. Алматы қаласы Бостандық ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы 
10. Алматы қаласы Медеу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы 
11. Көкшетау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы  
12. Ақтөбе қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы 
13. Талдықорған қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы 
14. Атырау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы 
15. Орал қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы 
16. Тараз қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы 
17. Қарағанды қаласының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы 
18. Қарағанды қаласының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы 
19. Қарағанды қаласының N 3 Халыққа қызмет көрсету орталығы 
20. Қарағанды қаласының N 4 Халыққа қызмет көрсету орталығы 
21. Қостанай қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы 
22. Қызылорда қаласының Халыққа қызмет көpceту орталығы  
23. Ақтау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы 
24. Шымкент қаласының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы 
25. Шымкент қаласының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы  
26. Павлодар қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы 
27. Петропавл қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы 
28. Өскемен қаласының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы 
29. Өскемен қаласының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы 
30. Өскемен қаласының N 3 Халыққа қызмет көрсету орталығы
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2007 жылғы 5 қаңтардағы
 N 1 қаулысына
 2-қосымша
"Жалғыз терезе" қағидаты бойынша өтiнiштердi қабылдау және ресiмделген құжаттарды беру жөнiндегi мемлекеттiк қызметтер түрлерiнiң тiзбесi
1. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы әдiлет органдары көрсететiн мыналарды ресiмдеу жөнiндегi қызметтер : 
паспорт және жеке куәлiк; 
уақытша жеке куәлiк;