• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 25.01.2013 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1400 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15 және 238-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне (бұдан әрі - ұйымдардың қызметкерлері) еңбекақы төлеу жүйесі уақыт бойынша және/немесе кесімді еңбекақы төлеу жүйесі болып табылады деп белгіленсін. Уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесі өзіне: 
1) 1-қосымшаға  сәйкес азаматтық қызметшілер (білікті жұмысшыларды қоспағанда) лауазымдарының тізілімі; 
2) 2, 3-қосымшаларға  сәйкес ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшін базалық лауазымдық жалақыға қолданылатын коэффициенттер; 
3) қосымша ақылар, үстемеақылар, сауықтыруға арналған жәрдемақылар мен өтемақылар төлемдері; 
4) Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі қызметкерлерінің шетел валютасындағы лауазымдық жалақыларының схемалары негізінде еңбекақы төлеуді қамтиды. 
Кесімді еңбекақы төлеу жүйесі орындалған жұмыстың (көрсетілген қызметтің) немесе дайындалған өнімнің заттай өлшем бірліктерінде көрсетілген әр бірлігі (көлемі) үшін еңбекақы төлеуді көздейді.
2. Мыналар: 
1) 1-қосымшаға сәйкес азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда) санаттар бойынша лауазымдар тізілімі; 
2) 2, 3-қосымшаларға сәйкес ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшін базалық лауазымдық жалақыға қолданылатын коэффициенттер; 
3) 2, 3,  4,  5,  6,  7,  8,  9,  10,  11,  12,  13,  14,  15,  16,  17,  18,  19,  20,  21,  22,  24,  25-қосымшаларға  сәйкес ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттары; 
4) 23-қосымшаға  сәйкес Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттары; 
5) 27,  28-қосымшаларға  сәйкес ұйымдардың қызметкерлеріне үнемдеу есебінен сыйлықақы беру жүзеге асырылатын, материалдық көмек көрсетілетін және үстемеақы белгіленетін шығыс түрлерінің тізбесі бекітілсін.
3. Мыналар: 
1) ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры лауазымдық жалақылардан (ставкалардан); еңбек жағдайы үшін қосымша ақылар мен үстемеақылардан; азаматтық қызметшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қосылатын бір лауазымдық жалақысы мөлшеріндегі сауықтыру жәрдемақысынан; Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде  көзделген өтемақылардан айқындалады; 
заңнамаға  сәйкес ерекше мәртебе берілген мемлекеттік жоғары оқу орындары қызметкерлерінің жекелеген санаттарына еңбекақы төлеу лауазымдық жалақылардың (ставкалардың) белгіленген мөлшеріне жоғарылататын коэффициентпен жүзеге асырылады; 
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры шетелдік валютадағы лауазымдық жалақылары негізге алына отырып айқындалады; 
2) ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары (ставкалары) (ЛЖ) атқаратын лауазымдарының лауазымдар санаттарына жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс стажына, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген  базалық лауазымдық жалақының (БЛЖ) мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады; 
педагог қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін лауазымдық жалақылар (ставкалар) заңнамада  бір аптаға белгіленген нормативтік оқу жүктемесіне қарай айқындалады; 
осы қаулыға 24-қосымшада көрсетілген жекелеген республикалық мекемелердің мамандары мен қызметшілерінің лауазымдық жалақылары (ставкалары) лауазымдық жалақыларды (ставкаларды) есептеу үшін коэффициенттердің белгіленген мөлшеріне 1,72 жоғарылататын коэффициентті қолдана отырып айқындалады; 
3) еңбек жағдайы үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар әрбір жағдайда коэффициентке сәйкес есептелген лауазымдық жалақыға (ставкаға) немесе базалық лауазымдық жалақыға қарай есептеледі; заңнамалық  актілерде  белгіленген  қосымша ақылардың жекелеген түрлері ең төменгі айлық жалақы мөлшеріне қарай есептеледі; 
4) өтемақылардың мөлшері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындалады деп белгіленсін.
4. Мыналар: 
1) ұйымдардың қызметкерлеріне еңбек жағдайы үшін осы қаулыда белгіленген шекте қосымша ақылар мен үстемеақылардың нақты мөлшері заңнамаға  сәйкес салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушінің актісінде айқындалады; 
2) білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт жүйесі ұйымдарының қызметкерлеріне белгіленген еңбек жағдайы үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар басқа қызмет салаларында тиісті лауазымдарда істейтін және мамандығы бойынша жұмыстарды орындайтын ұйымдардың қызметкерлеріне қолданылады; 
3) ұйымдардың қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс стажын (қызмет саласының ерекшеліктерін ескере отырып) есептеудің  тәртібі мен шарттарын орталық атқарушы және тиісті  қызмет  салаларында уәкілетті  өзге  де мемлекеттік органдар (келісім бойынша) айқындайды;
4) медициналық қызметкерлерге еңбекақы төлеудің шарттары көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне, сапасына қарай денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орталық мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен белгіленеді; 
5) мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне жалақысындағы айырма қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес олардың орташа жалақысы бұрын қолданылған еңбекақы төлеу жүйесі бойынша орташа жалақысынан төмен болып шыққан жағдайларда және олар дәл сол лауазымда жұмыс істеп жүрген жағдайда төленеді;
6) мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызмет салаларының барлығына ортақ мамандарының жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын еңбек жөніндегі уәкілетті орган бекітеді деп белгіленсін.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.09.2012 № 1209 Қаулысымен. (14.09.2012 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Мемлекеттік басқару органдарына: 
1) ұйымдардың басшыларына олардың жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақы беру, лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, сондай-ақ қаржыландыру жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен немесе мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсіпорын үшін бекіткен смета бойынша мемлекеттік басқару органы белгілеген тәртіппен материалдық көмек көрсету;  
2) қызметкерлерге кесімді еңбекақы төлеу кезінде кесімді бағалауларды бекіту құқығы берілсін.
6. Ұйымдардың басшыларына: 
1) мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша Азаматтық қызметшілер (білікті жұмысшыларды қоспағанда) лауазымдарының санаттар бойынша тізілімінде көрсетілген лауазымдар атауларына олардың қызметінің ерекшелігін сипаттайтын арнаулы қосымша атауларды қолдану, сондай-ақ функционалдық міндеттеріне қарай өзге де лауазымдар атауларын теңестіру; 
2) кредиторлық берешек болмаған кезде қаржыландыру жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен немесе кредиторлық берешегі болмаған кезде мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсіпорын үшін бекіткен смета бойынша салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушінің актісінде белгіленген тәртіппен қызметкерлердің лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету құқығы берілсін.
7. "Базалық лауазымдық жалақы мен түзету коэффициентінің мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 74 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 2, 38-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 
кіріспедегі "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысын" деген сөздер "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 200  жылғы "   "   N қаулысын" деген сөздермен ауыстырылсын.
8. Осы қаулыға 29-қосымшаға  сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
9. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 29 желтоқсандағы
 N 1400 қаулысына
 1-қосымша
Азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда) санаттар бойынша лауазымдарының тізілімі
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.08.2011 № 976, 17.09.2012 № 1209 Қаулыларымен. (02.08.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
G-1
Республикалық мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы* 
Басшы: жоғары оқу орнының (ЖОО-ның); ғылыми-зерттеу институтының (ҒЗИ); орталықтың (ұлттық, ұлттық ғылыми, ұлттық ғылыми-практикалық, ғылыми, ғылыми-зерттеу, ғылыми-клиникалық, халыққа қызмет көрсету, сот сараптамасы, сот медицинасы, ақпаратты техникалық қорғау, геологиялық ақпараттың ақпараттық қауіпсіздігі саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру), сауда өкілі.
G-2
Академик-хатшы