• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын ресiмдеудiң және келiсудiң кейбiр мәселелерi туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 28.10.2007 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын ресiмдеудiң және келiсудiң кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы N 773 Қаулысы
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы 14-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдердің жобаларын ресiмдеу және келiсу ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2006 жылғы 16 тамыздағы
 N 773 қаулысымен
 бекітілген
Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдердің жобаларын ресiмдеу және келiсу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын ресiмдеу және келiсу ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулыларын қоспағанда, жалпыға мiндеттi маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты орталық мемлекеттiк органдардың, орталық мемлекеттiк органдар ведомстволарының, Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң, сондай-ақ мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерiнiң, әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулыларының және әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiнiң (бұдан әрi - мемлекеттiк органдар) жобаларын ресiмдеудiң және келiсудiң тәртiбiн айқындайды.
2. Нормативтiк құқықтық кесiмдердi ресiмдеу
2. Нормативтiк құқықтық кесiмдерде мынадай деректемелер болуға тиiс: 
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы; 
2) нормативтiк құқықтық кесiмнiң нысанына сiлтеме: орталық органның бұйрығы, қаулысы, мәслихат шешiмi, әкiмдiктiң қаулысы, әкiмнiң шешiмi; 
3) нормативтiк құқықтық кесiмнiң реттеу мәнiн көрсететiн тақырыбы; 
4) нормативтiк құқықтық кесiмнiң қабылданған жерi мен күнi; 
5) нормативтiк құқықтық кесiмнiң тiркеу нөмiрi; 
6) мемлекеттiк органның бiрiншi басшысының не оның мiндеттерiн атқаратын адамның қолы; 
7) Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткен нормативтiк құқықтық кесiмдерде нормативтiк құқықтық кесiмнiң тiркелген күнi мен нөмiрiне сiлтеме; 
8) елтаңбалық мөр. 
3. Қосымшаларды қоса алғанда нормативтiк құқықтық кесiмнiң негiзгi де, туынды да түрлерiнiң әрбiр бетi, тыныс белгiлерiнсiз парақтың үстiңгi жағының ортасынан нөмiрленуге тиiс. 
Нормативтiк құқықтық кесiмнiң негiзгi және туынды түрi нормативтiк құқықтық кесiмнiң негiзгi де, туынды түрiнiң де бiрiншi парағынан басталатындай жеке нөмiрленуге тиiс. 
Бұл ретте, нормативтiк құқықтық кесiмнiң негiзгi түрiнiң бiрiншi бетi нөмiрленбейдi. 
4. Нормативтiк құқықтық кесiмдердiң негiзгi құрылымдық элементi "тармақ" деген сөзбен атаусыз, өзiне құқық нормасын қамтитын тармақ болып табылады. 
Тармақтар маңыздылығы бойынша қисынды кезектiлiкпен, сондай-ақ мәселенi шешу кезеңдерiнiң хронологиясын ескере отырып орналастырылады. 
5. Көлемi қомақты нормативтiк құқықтық кесiмдердiң мазмұны жағынан жақын тармақтары тарауларға бiрiктiрiлуi мүмкiн. 
Мазмұны жағынан жақын бiрнеше тарау бөлiмдерге, ал бөлiмдер өз кезегiнде нормативтiк құқықтық кесiмнiң бөлiктерiне бiрiктiрiлуi мүмкiн. 
Көлемi жағынан ауқымды тарауларды кесiмнiң параграфтарына бөлуге болады, ал үлкен бөлiмдер осыған ұқсас кiшi бөлiмдерге бөлiнуi мүмкін. 
6. Нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тармақтары тармақшаларға бөлiнуi мүмкiн. Тармақтар мен тармақшалардың iшiнде абзацтармен бөлiнетiн бөлiктер болуы мүмкiн. 
Бас әрiптен басталатын бөлiктiң бiрiншi абзацынан басқа, мағыналық тұтастықты бiлдiретiн, бiрiншi жолда азат жолмен бөлiнетiн және кiшi әрiптен басталатын мәтiннiң бөлiгi абзац болып саналады. 
Абзацтар (бөлiктiң бiрiншi және соңғы абзацтарынан басқа) нүктелi үтiрмен аяқталады. 
Нормативтiк құқықтық кесiмдердiң мәтiндерiнде абзацтарды дефистермен немесе өзге де белгілермен белгiлеуге жол берiлмейдi. 
7. Нормативтiк құқықтық кесiмдердiң әрбiр тармақшасы, тармағы, сондай-ақ параграфтары, тараулары, кiшi бөлiмдерi, бөлiмдерi мен бөлiктерi араб сандарымен нөмiрленедi. 
Бiр тармақтан тұратын нормативтiк құқықтық кесiмде тармақты нөмiрлеу жүргiзiлмейдi. 
8. Тармақтарды, тарауларды және бөлiмдердi нөмiрлеу бүкiл нормативтiк құқықтық кесiм үшiн өн бойына болып табылады. 
Тармақшаларды нөмiрлеу әрбiр тармақ үшiн дербес болып табылады. 
Нормативтiк құқықтық кесiмнiң әрбiр тарауындағы параграфтардың нөмiрленуi мен әрбiр бөлiмiндегi кiшi бөлiмдердiң нөмiрленуi өн бойына емес, дербес болып табылады. 
9. Тармақтарда тармақшалардың нөмiрлерi жақшамен мынадай түрде бөлiнедi: 1), 2), 3) және одан әрi. 
10. Нормативтiк құқықтық кесiмнiң тақырыбы қысқа болуға және қабылданатын нормативтiк құқықтық кесiмнiң реттеу мәнiн көрсетуге тиiс. 
11. Нормативтiк құқықтық кесiмнiң тақырыбында сөздердi тасымалдауға жол берiлмейдi. 
Нормативтiк құқықтық кесiмнiң негiзгi түрiндегi тақырып нормативтiк құқықтық кесiмдi мемлекеттiк тiркеу туралы мөртабан үшiншi оң жағынан орын қалдыра отырып, парақтың жоғары бөлiгiнiң сол жағында орналасуға тиiс. 
Нормативтiк құқықтық кесiмдi мемлекеттiк тiркеу туралы мөртабан нормативтiк құқықтық кесiмнiң туынды түрiнiң бiрiншi бетiнiң сол жақ үстiңгi бұрышына қойылады. 
12. Бұрын қабылданған кесiмге өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу көзделетiн нормативтiк құқықтық кесiмнiң тақырыбында кесiмнiң нысанына, қабылданған күнiне, нөмiрiне, соңғысының атауына сiлтеме (көрсетiлген кезектiлiкпен) қамтылуға тиiс. 
13. Нормативтiк құқықтық кесiмдi қабылдау мақсаты мен себептерiн, оның алдында тұрған негiзгi мiндеттердi түсiндiру талап етiлген жағдайда құқық нормаларын баяндаудың алдында кiрiспе бөлiгi (кiрiспе) болады. 
Нормативтiк ережелер нормативтiк құқықтық кесiмнiң кiрiспе бөлiгiне (кiрiспеге) енгiзiлмейдi. 
Нормативтiк құқықтық кесiмнiң кiрiспе бөлiгiнде (кiрiспеде) iске асыру үшiн осы кесiм қабылданатын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сiлтеме келтiрiлуi мүмкiн. 
14. Пайдалануға қолайлы болу мақсатында нормативтiк құқықтық кесiмнiң әрбiр тарауында, бөлiмi мен бөлiгiнде, тарауларының параграфтарында және бөлiмдерiнiң кiшi бөлiмдерiнде өз тақырыптары болуы мүмкiн. 
Параграфтардың, тараулардың, кiшi бөлiмдердiң, бөлiмдер мен бөлiктердiң тақырыптары алдыңғы мәтiннен екi, ал кейiнгi мәтiннен бiр жоларалық интервалдармен бөлiнедi. 
Бұл ретте, нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобалары, әдетте, мынадай параметрлердi ескере отырып ресiмделедi (6.0 және одан жоғары нұсқасындағы "WORD for WINDOWS" мәтiн редакторын қолдана отырып):