Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Парламентінің Регламенті туралы
Қазақстан Республикасы Парламентінің 1996 жылғы 20 мамырдағы қаулысы (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 2012 жылғы 22 маусымдағы қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қоса)
Toggle Dropdown
Редакция 01.01.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Регламентi
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Регламентi Палаталардың бiрлескен отырыстарын өткiзу жағдайы мен тәртiбiн, Сенат пен Мәжiлiс Регламенттерiнде реттелмеген мәселелердi қарау, Парламенттiң бiрлескен органдарын құру және олардың қызметiн ұйымдастыру, сондай-ақ Парламенттiң депутаттары мен лауазымды адамдарының өкiлеттiгiн жүзеге асыру кезiнде Палаталардың өзара қатынастары механизмiн белгiлейдi.
Toggle Dropdown
I Бөлiм. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1-тармақ. Қазақстан Республикасының Парламентi өз жұмысын сессия тәртiбiмен жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Парламент сессиясы оның Палаталарының бiрлескен және бөлек отырыстары түрiнде өткiзiледi.
Toggle Dropdown
Парламенттiң бiрiншi сессиясын Қазақстан Республикасының Президентi сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей шақырады.
Toggle Dropdown
2-тармақ. Парламенттiң сессиясы Сенат пен Мәжiлiстiң бiрлескен отырыстарында ашылып, жабылады. Парламенттiң сессиясын, әдетте, Республика Президентi ашады, ал ол болмаған кезде Мәжiлiс Төрағасы ашады.
Toggle Dropdown
Парламенттiң сессиясы ашылған және жабылған кезде Қазақстан Республикасының Гимнi орындалады.
Toggle Dropdown
3-тармақ. Парламенттiң кезектi сессияларын Мәжiлiс Төрағасы шақырады және олар жылына бiр рет, қыркүйектiң бiрiншi жұмыс күнiнен бастап маусымның соңғы жұмыс күнiне дейiн өткiзiледi.
Toggle Dropdown
Парламент сессиясының ашылатын күнi, уақыты және орны туралы мәлiметтер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылады.
Toggle Dropdown
4-тармақ. Заңда белгiленген мереке, демалыс күндерi мен парламенттiк каникул күндерi Парламенттiң жұмыс iстемейтiн күндерi болып табылады.
Toggle Dropdown
Егер парламенттiк каникул Парламенттің кезектен тыс сессиясы шақырылуына байланысты үзiлсе, ол кезектен тыс сессияның жұмысы аяқталғаннан кейiн қайта басталып, парламенттiк каникул мерзiмi бiткенге дейiн жалғастырылады.
Toggle Dropdown
Парламенттiк каникул Республика Парламентiнiң қаулысымен жарияланады.
Toggle Dropdown
1
II Бөлiм. Парламент палаталарының бiрлескен отырыстарын өткiзу жағдайлары мен тәртiбi
Toggle Dropdown
1-тарау. Парламент Палаталарының бірлескен отырыстары
Toggle Dropdown
5-тармақ. Парламент Палаталарының бірлескен отырысын, Палаталардың депутаттарына алдын ала хабарлай отырып, Мәжiлiс Төрағасы шақырады. Бұл ретте Мәжiлiс Төрағасы Парламенттiң бірлескен отырысын шақыру туралы өкiм шығарып, оны Парламент депутаттарына хабарлайды.
Toggle Dropdown
1
Парламент Палаталарының бірлескен отырыстары сағат 12-ден 12 сағат 30 минутке дейiн және сағат 14-тен 16-ға дейiн үзiлiс жасай отырып, сағат 10-нан 18-ге дейiн өткiзiледi.
Toggle Dropdown
Парламент Палатаның бірлескен отырысын өткiзудiң өзгеше уақыты туралы шешiм қабылдауы мүмкiн.
Toggle Dropdown
Төрағалық етушi отырыстарда өз бастамасы бойынша немесе Парламенттiң қатысып отырған депутаттары саны көпшiлiгiнiң ұсынысы бойынша үзiлiстер жариялайды.
Toggle Dropdown
Парламент Палаталарының бiрлескен отырыстары кезiнде Парламент пен оның Палаталары жұмыс органдарының отырыстары өткiзiлмейдi.
Toggle Dropdown
6-тармақ. Парламенттің отырысы оған әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда құқықты болады.
Toggle Dropdown
Парламент отырысының заңдылығын анықтау үшiн әрбiр Палата депутаттарының дербес тiркелуi өткiзiледi. Әрбiр дауыс беру алдында депутаттарды қосымша дербес тiркеу өткiзiлуi мүмкiн. Рәсiмдiк мәселелер бойынша дауыс беру алдында депутаттарды қосымша дербес тiркеу өткiзiлмейдi.
Toggle Dropdown
7-тармақ. Парламент отырысында Мәжiлiс Төрағасы:
Toggle Dropdown
- Парламенттiң сессиялары мен отырыстарын ашады, жабады;
Toggle Dropdown
- Палаталардың кезектi және кезектен тыс бiрлескен отырыстарында төрағалық етедi;
Toggle Dropdown
- жарыссөзде сөз сөйлеуге жазылғандар туралы мәлiметтердi жария етедi;
Toggle Dropdown
- Палаталардың депутаттарына талқыланып отырған мәселе бойынша сөйлеу үшiн кезекпен, бiрақ әрi кеткенде екi рет сөз бередi;
Toggle Dropdown
- сөйлеушi Регламенттi бұзған жағдайда – оған жасауға, ал қайталап бұзған ретте сөзден айыруға құқылы;
Toggle Dropdown
- депутатқа рәсiмдiк мәселелер бойынша кезектен тыс, бiрақ әрi кеткенде екi рет сөз бередi;
Toggle Dropdown
- заңдардың, қаулылардың, үндеулердiң, декларациялардың, мәлiмдемелердiң және Парламенттiң басқа да актiлерiнiң жобалары, депутаттардың отырыста қаралып отырған мәселелер бойынша түзетулерi жөнiнде дауыс берудi ұйымдастырады және дауыс беру нәтижелерiн жариялайды;
Toggle Dropdown
- Палаталардың бiрлескен отырысын өткізудің осы Регламентпен белгiленген тәртiбiн қамтамасыз етедi.
Toggle Dropdown
Парламент отырысында мәселелердi талқылау кезiнде төрағалық етушiнiң депутаттардың сөйлеген сөздерiне баға беруге және түсiнiктеме жасауға құқығы жоқ.
Toggle Dropdown
Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасы отырысты жүргiзудi Мәжiлiс Төрағасы орынбасарларының біріне беруге құқылы.
Toggle Dropdown
8-тармақ. Парламент отырысының күн тәртiбi мен жұмыс ретiн Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасы енгiзедi және олар Палаталардың бiрлескен отырысында әрбiр Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы бекiтiледi.
Toggle Dropdown
Күн тәртiбi мен жұмыс ретi жөнiндегi ұсыныстар мен ескертпелер әр ұсыныс бойынша әрбiр Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Toggle Dropdown
Республика Президенті қараудың басымдығын айқындаған заң жобалары бірінші кезектегі тәртіппен екі ай ішінде қабылдануға тиіс.
Toggle Dropdown
Парламент Мәжілісінде көрсетілген заң жобаларын қарау мерзімі күнтізбелік қырық күннен аспауға тиіс.
Toggle Dropdown
9-тармақ. Парламент отырыстарында баяндамалар үшiн – отыз минут шегiнде, қосымша баяндамалар үшiн – жиырма минутке дейiн, жарыссөзде сөйлеушiлер үшiн – он минутке дейiн, жарыссөзде қайтадан сөйлеу кезінде – бес минутке дейiн, депутаттық сауалдарын жария ету үшін – бес минутке дейін, кандидатураларды талқылау кезiнде – үш минутке дейiн, рәсiмдiк мәселелер бойынша сөз сөйлеу үшiн, анықтамалар беру мен сұрақтар қою үшiн – екі минутке дейiн уақыт берiледi. Сұрақтарға жауап қайтару үшiн – бір сағаттан аспайтын, ал жарыссөзге бiр жарым сағатқа дейiн уақыт бөлiнедi. Жарыссөз тоқтатылғаннан кейiн баяндамашы мен қосымша баяндамашының он минут шегiнде қорытынды сөз сөйлеуге құқығы бар.
Toggle Dropdown
Парламент депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен өзге де уақыт белгiлей алады.
Toggle Dropdown
Сөз мiнберден немесе отырған орыннан сөйленедi.
Toggle Dropdown
Сөз беру туралы өтiнiш отырған орыннан берiледi.
Toggle Dropdown
Республика Президентiне сөз сөйлеу үшiн оның өтiнiшi бойынша кез келген уақытта сөз берiледi.
Toggle Dropdown
Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, олардың орынбасарларының, Президент пен Үкiмет өкiлдерiнiң өтiнiшi бойынша оларға талқыланып отырған мәселе бойынша сөйлеу үшiн кезектен тыс сөз берiлуi мүмкiн.
Toggle Dropdown
Парламенттiң отырысында төрағалық етушiнiң рұқсатынсыз ешкiмнiң де сөз сөйлеуге құқығы жоқ.
Toggle Dropdown
Саяси партиялар фракцияларының басшыларына, ал олар болмаған жағдайда не олардың уәкілеттік беруі бойынша саяси партиялар фракцияларының өкілдеріне талқыланатын мәселе бойынша фракцияның ұстанымын баяндау үшін сөз сөйлеу құқығына кепілдік беріледі және қажет болған кезде бес минут шегінде қосымша уақыт беріледі.
Toggle Dropdown
10-тармақ. Парламент Палаталарының бірлескен отырыстары қазақ және орыс тiлдерiнде жүргiзiледi.
Toggle Dropdown
Депутат қазақ және орыс тiлдерiн бiлмеген жағдайда оның өзге тiлде сөйлеуге құқығы бар. Бұлайша сөйленген сөздiң қазақ және орыс тiлдерiне аудармасы қамтамасыз етiледi. Депутат өзiнiң кез келген басқа тiлде сөйлегiсi келетiнi туралы Мәжiлiс Төрағасына кем дегенде бiр тәулiк бұрын хабарлайды.
Toggle Dropdown
Баяндамалар мен қосымша баяндамалардың мәтiндерi Мәжiлiс Аппаратына iлеспе аударма үшiн алдын ала, бiрақ Палатаның бірлескен отырысы басталардан кем дегенде екi сағат бұрын қазақ және орыс тiлдерiнде берiледi.