Конституциялық Кеңес мемлекеттiк орган ретiнде Республиканың бүкiл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары тұруын қамтамасыз етедi:
-
Продукты:
Судебная практика
Судебная практика
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 Конституциялық заңы
Актінің нысаны және тақырыбы өзгертілді, кіріспе алынып тасталды, мәтіндегі "осы Жарлықты", "осы Жарлықта", "осы Жарлықпен", "осы Жарлыққа", "осы Жарлықтың", "Осы Жарлық" сөздер тиiсiнше "осы Конституциялық заңды", "осы Конституциялық заңда", "осы Конституциялық заңмен", "осы Конституциялық заңға", "осы Конституциялық заңның", "осы Конституциялық заң" сөздермен ауыстырылды ҚР Президентінің 24.11.2004. № 604 Заңымен.(өзгеріс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Осы Конституциялық заң күшін жойды 2022 жылғы 18 қарашадан бастап ҚР 05.11.2022 жылғы № 153-VII ҚРЗ Конституциялық заңына сәйкес
I тарау Жалпы Ережелер
1-бап. Конституциялық Кеңестiң мәртебесi
Конституциялық Кеңес мемлекеттiк орган ретiнде Республиканың бүкiл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары тұруын қамтамасыз етедi:
1) өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру кезiнде дербес және мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға тәуелсiз, Республика Конституциясына ғана бағынады әрi саяси және өзге себептердi негiзге ала алмайды;
2) Республика Конституциясы мен осы Конституциялық заңды басшылыққа ала отырып, соттардың немесе басқа мемлекеттiк органдардың құзыретiне жататын барлық жағдайларда өзге мәселелердi анықтау мен зерттеуге бармай-ақ өз өкiлеттiгiн жүзеге асырады.
2-бап. Конституциялық Кеңестiң құрамы
Конституциялық Кеңес жетi мүшеден, соның iшiнде Конституциялық Кеңестiң Төрағасынан тұрады. Бұған қоса Республиканың экс-Президенттерi құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестiң мүшелерi болып табылады.
3-бап. Конституциялық Кеңестi құру тәртiбi
1. Конституциялық Кеңестiң Төрағасын Республиканың Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
2. Конституциялық Кеңестің екі мүшесін Республика Президенті қызметке тағайындайды, Конституциялық Кеңеске екі-екі мүшеден Парламент Палаталары төрағаларының ұсынуы бойынша тиісінше Парламент Сенаты мен Мәжілісі тағайындайды. Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш жыл сайын жаңартылып отырады.
2-тармақ өзгертілді ҚР 17.06.2008 № 41-IV Конституциялық заңымен (24.11.2004 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.06.2008 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды.
4-бап. Конституциялық Кеңес мүшелiгiне кандидаттарға қойылатын талаптар
1. Конституциялық Кеңестiң құрамына отыз жасқа толған, Республика аумағында тұратын, жоғары заң бiлiмi, заң мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар Республика азаматы тағайындала алады.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптар Республиканың экс-Президенттерiне қолданылмайды.
5-бап. Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң өкiлеттiк мерзiмi
1. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң өкiлеттiгi алты жылға созылады.
2. Шығып қалған немесе қызметте болу мерзiмi аяқталған жағдайда Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен тағайындалады.
3. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi қызметтерiне адамдардың шығып қалған немесе осы қызметтерде болу мерзiмi аяқталған күннен бастап бiр ай iшiнде тағайындалады.
4. Егер Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе мүшелерiнің өкiлеттiк мерзiмi олардың қатысуымен Конституциялық Кеңес жүргiзiп жатқан мәселенi қарау кезеңiнде аяқталса, онда олардың өкiлеттiгi қорытынды шешiм шығарылғанға дейiн сақталады.
6-бап. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң анты
6-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 22.12.2017 жылғы № 119-VІ Заңына сәйкес (15.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.12.2017 жылы № 250 (28629) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi өздері тағайындалғаннан кейiн мынадай мазмұнда ант қабылдайды: «Өзiме жүктелген Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы (мүшесi) мiндетiн адал атқаруға, әдiл болуға және басқа ешкiмге, еш нәрсеге емес, тек Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана бағынуға салтанатты түрде ант етемiн.
Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнің анты Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен қабылданады.
7-бап. Конституциялық Кеңестiң отырыстары
1. Конституциялық Кеңестiң отырысы егер оған Конституциялық Кеңес құрамының кемiнде үштен екiсi қатысса, құқылы болады.
2. Конституциялық Кеңестiң отырыстарын қажетiне қарай Конституциялық Кеңестiң Төрағасы, ал ол болмаған кезде оның уәкiлдiк беруi бойынша Конституциялық Кеңес Төрағасының мiндетiн атқарушы шақырады.
8-бап. Конституциялық iс жүргiзу
Конституциялық Кеңестiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша iс қарау мен шешiмдер қабылдау Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген конституциялық iс жүргiзу тәртiбiмен жүзеге асырылады.
9-бап. Конституциялық Кеңес туралы заңдар
1. Конституциялық Кеңестiң мәртебесi, құзыретi, қызметiнiң ұйымдастырылуы мен тәртiбi Республика Конституциясымен және осы Конституциялық заңмен белгiленедi.
2. Конституциялық Кеңес өз қызметiнiң ұйымдастырылуы мен тәртiбiнiң Конституциямен және осы Конституциялық заңмен реттелмеген мәселелерi бойынша Конституциялық Кеңестiң регламентiн қабылдайды.
II тарау Республика Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы мен мүшелерiнiң мәртебесi
10-бап. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi мемлекеттiң лауазымды адамдары ретiнде
1. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi мемлекеттiң лауазымды адамдары болып табылады, олардың мәртебесi Конституциямен және осы Конституциялық заңмен, сондай-ақ Конституция мен осы Конституциялық заңда реттелмеген бөлiгiнде мемлекеттiк қызмет туралы нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
2. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшесiнiң қызметi депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтердi қоспағанда, өзге де ақы төленетiн жұмысты атқарумен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды.
11-бап. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң тәуелсiздiгi
1. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi өз мiндеттерiн орындау кезiнде тәуелсiз болады және тек Конституция мен осы Конституциялық заңға ғана бағынады. Басқа ешқандай да актiнiң олар үшiн сөзсiз мiндеттi күшi болмайды. Олардың қызметiне қандай болса да араласуға, сондай-ақ оларға қандай түрде болса да қысым жасауға немесе басқадай ықпал етуге жол берiлмейдi және бұл заң бойынша жауапкершiлiкке әкелiп соғады.
2. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң конституциялық iс жүргiзу мәселелерi жөнiндегi қызметi есеп беруге жатпайды. Өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру мәселелерi бойынша олардан есеп талап етуге ешкiмнiң хақы жоқ.
3. Қорытынды шешiм шығарылғанға дейiн Конституциялық Кеңестiң қарауына арқау болып отырған мәселелер бойынша ешкiмнiң де пiкiр немесе кеңес сұрауға, ал Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң, Конституциялық Кеңестiң отырысынан басқа кезде, пiкiр айтуға немесе кеңес беруге хақы жоқ.
4. Конституциялық Кеңестiң мүшелерi өкiлеттiк мерзiмi iшiнде ауыстырылмайды. Олардың өкiлеттiгiн, осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тоқтатуға немесе тоқтата тұруға болмайды.
5. Егер Конституциялық Кеңестiң қарауындағы мәселеге тiкелей жеке немесе жанама мүдделiлігiне байланысты өзiнiң әдiлдiгiне күмән тууы мүмкiн болса, Конституциялық Кеңестiң Төрағасы немесе мүшесi бұл мәселенi қараудан бас тартуға мiндеттi, мұны Конституциялық Кеңес қанағаттандыруға тиiс.
6. Конституциялық Кеңес мүшесiнiң сотта немесе өзге құқық қолдану органдарында, заңды өкiлдiктен басқа, қорғауды немесе өкiлдiктi жүзеге асыруға, құқықтарды жүзеге асыру мен мiндеттерден босату iсiнде қандай адамдарға болса да қамқоршылық жасауға хақы жоқ.
12-бап. Конституциялық Кеңес мүшелерiне ешкiмнiң тиiспеуi
1. Қылмыс үстінде ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған жағдайлардан басқа кезде, Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерiн өз өкiлеттiктері мерзiмi iшiнде Парламенттің келiсiмiнсiз ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР 04.07.2014 жылғы № 232-V Конституциялық Заңымен (03.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себеп сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелгеннен кейін Конституциялық Кеңестiң Төрағасына немесе мүшесiне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Бас Прокурордың келісімімен ғана жалғастырылуы мүмкін, ол Конституциялық Кеңестiң Төрағасын немесе мүшесiн қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім беру туралы ұсынуды Парламентке енгізеді. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы немесе мүшелерi қылмыс үстінде ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға дайындалу немесе оқталу фактісі анықталған не олар ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайларда, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Бас Прокурордың келісімін алғанға дейін, бірақ бір тәулік ішінде оны міндетті түрде хабардар ете отырып, жалғастырылуы мүмкін. Істі тергеп-тексеру барысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды Бас Прокурор жүзеге асырады.
2-тармақ өзгертілді ҚР 04.07.2014 жылғы № 232-V Конституциялық Заңымен (03.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
3. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылмайды.
4. Конституциялық Кеңестiң мүшесiн, егер осы Конституциялық заңға сәйкес оның өкiлеттiгi тоқтатыла тұрмаған болса, Конституциялық Кеңестiң отырысына қатысудан шеттетуге ешкiмнiң хақы жоқ.
13-бап. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерi құқықтарының теңдiгi
Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi Конституциялық Кеңес жүргiзiп жатқан мәселелердi қарауда және олар бойынша шешiмдер қабылдауда, осы Конституциялық заңның 33-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, тең құқықтарға ие болады.
14-бап. Конституциялық Кеңес Төрағасының, мүшесiнiң өкiлеттiгiн тоқтата тұру
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |