• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 07.07.2011 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентінiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесін одан әрі жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған: 
1) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі туралы ереже; 
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi; 
3) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 22.10.2007 № 984 Қаулысымен (18.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз)
3. Мыналар: 
1) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң Жоғары аттестаттау комитетi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң Бiлiм және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетiне, оған министрлiктiң бақылау-қадағалау және реттеу функцияларын бере отырып, қайта құру жолымен; 
2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Аэроғарыш комитетi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетi болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 22.10.2007 № 984 Қаулысымен (18.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз)
5. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 22.10.2007 № 984 Қаулысымен (18.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз)
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2004 жылғы 28 қазандағы
 N 1111 қаулысымен
 бекiтiлген
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 22.10.2007 № 984 (18.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
1. Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) басшылықты және заңнамада көзделген шекте білім, ғылым, балаларды қорғау және жастар саясаты салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. 
Министрліктің негізгі міндеттері білім, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясаты саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, ғылыми зерттеулер ұйымдастыруды жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. 
Министрліктің мынадай ведомстволары: Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті, Ғылым комитеті, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті және ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының  заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазыналық комитетінде шоты болады.
4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Министрліктің, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрықтар түрінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар нормативтік құқықтық актілер шығарады.
7. Министрліктің штат санының лимитін аумақтық органдардың және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің санын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Министрліктің құрылымын, штат санын Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.
8. Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, N 35 көше, N 8.
9. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Министрлікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің функциялары мен құқықтары
13. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды орындайды:
1) азаматтардың білім беру саласындағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыру;
3) білім беру сапасын басқаруды, білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерін әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
4) мемлекеттік жастар саясатын жүргізу;
5) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу;
6) ғылым және жастар саясаты саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету;
7) баланың негізгі құқықтарын іске асыру жөніндегі әртүрлі бағдарламаларды әзірлеу;
8) шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу және білім, сондай-ақ ғылыми қызмет саласында халықаралық шарттар (келісімдер) мен бағдарламаларға қол қою;
9) білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру (медициналық және фармацевтикалық білім беруден басқа) стандарттарын әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту, білім берудің барлық деңгейінің білім беретін үлгі оқу бағдарламаларын және үлгі оқу жоспарларын бекіту;
10) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қызметін үйлестіру;
11) білім және ғылым саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
12) білім беру саласындағы нысаналы және халықаралық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
13) білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы баяндаманы дайындау және жариялау жолымен білім беру жүйесінің жай-күйі және оның қызметінің тиімділігі туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз ету;
14) инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізетін университеттерді конкурстық іріктеу тәртібі мен өлшемдерін бекіту және конкурс өткізу;