Қазақстан Республикасы Президентінiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесін одан әрі жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 Қаулысы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.08.2022 жылғы № 581 Қаулысына сәйкес
Редакция 11.07.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президентінiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесін одан әрі жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі туралы ереже;
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 13.03.2013 жылғы № 236 қаулысымен (05.09.20132 ж. редакцияны қараңыз)
2-1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-1-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 13.03.2013 жылғы № 236 қаулысымен (05.09.20132 ж. редакцияны қараңыз)
3) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.07.2011 № 778 Қаулысымен. (28.06.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 22.10.2007 № 984 Қаулысымен (18.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз)
3. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң Жоғары аттестаттау комитетi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң Бiлiм және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетiне, оған министрлiктiң бақылау-қадағалау және реттеу функцияларын бере отырып, қайта құру жолымен;
2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Аэроғарыш комитетi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетi болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 22.10.2007 № 984 Қаулысымен (18.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз)
5. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 22.10.2007 № 984 Қаулысымен (18.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз)
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 5 қазандағы заңдарына сәйкес 2019 жылғы 11 сәуірде қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 147), 148), 149), 150), 151) және 152) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.03.2019 жылғы № 131 Қаулысына сәйкес (14.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ереже
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 22.10.2007 № 984 (18.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.03.2013 жылғы № 236 қаулысымен (05.09.20132 ж. редакцияны қараңыз)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.12.2018 жылғы № 872 Қаулысына сәйкес (16.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім, ғылым, балалардың құқықтарын қорғау және тілдерді дамыту салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.10.2016 жылғы № 594 Қаулысына сәйкес (31.08.2016 ж. редакцияны қараңыз) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.12.2018 жылғы № 872 Қаулысына сәйкес (16.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.02.2021 жылғы № 39 Қаулысына сәйкес (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті;
3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті;
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 22.09.2014 жылғы № 1001 Қаулысымен (08.11.2013 ж. редакцияны қараңыз)
5) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.02.2021 жылғы № 39 Қаулысына сәйкес (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті.
2-тармақ 6-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.02.2021 жылғы № 39 Қаулысына сәйкес (өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.12.2018 жылғы № 872 Қаулысына сәйкес (16.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Мәңгілік Ел көшесі, № 8 үй.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.02.2017 жылғы № 49 Қаулысына сәйкес (26.12.2016 ж. редакцияны қараңыз)
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
13. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне кәсіпкерлік субъектілерімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
13-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.12.2018 жылғы № 872 Қаулысына сәйкес (16.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.12.2018 жылғы № 872 Қаулысына сәйкес (16.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің миссиясы – ұлттың зияткерлік әлеуетін дамыту, бәсекеге қабілеттілікті және орнықты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім және ғылым, тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.02.2021 жылғы № 39 Қаулысына сәйкес (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15. Міндеттері:
1) білім, тілдерді дамыту, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.02.2021 жылғы № 39 Қаулысына сәйкес (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 18.10.2016 жылғы № 594 Қаулысымен (31.08.2016 ж. редакцияны қараңыз)
3) білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
4) ғылыми зерттеулер ұйымдастыруды жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
5) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.
16. Функциялары:
орталық аппараттың функциялары: