1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
Отправить по почте
Осы редакция 29.05.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі N 700 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес және ғылым саласында басқару жүйесiн жетiлдiру, ғылыми зерттеулердi салааралық үйлестiрудi күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Комитет туралы ереже;
2) Комитеттiң құрылымы;
3) Комитеттiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
3. Комитеттiң төрағасына екi орынбасары болуға рұқсат берiлсiн.
4. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 21 шілдедегі N 700 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң құзыретi шегiнде ғылым саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi функцияларды, сондай-ақ оның құзыретiне жатқызылған ғылым саласында салааралық үйлестiру жөнiндегi арнайы функцияларды жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Комитеттiң негiзгi мiндеттерi ғылым саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру болып табылады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң кесiмдерiне, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға, сондай-ақ осы Ережеге және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетiнде заңнамаға сәйкес шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес өкiлеттiк берiлген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
5. Комитеттiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 11.
6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
7. Осы ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
8. Комитет қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен оның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Комитеттiң функциялары мен құқықтары
9. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
елдегi ғылыми-техникалық қызметтi үйлестiру және бiрыңғай мемлекеттiк ғылыми және ғылыми-техникалық саясатты жүргiзу;
бюджеттi болжауды әзiрлеу және ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру;
бюджет қаражаты есебiнен iске асыруға жататын мемлекетаралық, мемлекеттiк, салалық (секторалдық) ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды iрiктеп алу және олардың iске асырылуын және олардың мақсатты қаржыландырылуын мониторингтеу;
ғылыми ұйымдар қызметiнiң мониторингi;
мемлекеттiк бюджет есебiнен және өзге де заңнамада тыйым салынбаған көздерден жүргiзiлетiн ғылыми-зерттеу жұмыстарын, iргелi және қолданбалы зерттеулердiң аяқталған тақырыптары мен бағдарламаларын, қорғалған диссертацияларды мемлекеттiк тiркеудi ұйымдастыру;
ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттiк жүйесiн дамыту;
ғылыми қызметтер мен ғылыми-техникалық өнiм нарығында бәсекенi дамытуға жәрдем ету;
өз құзыретi шегiнде зияткерлiк меншiк құқықтарын, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттiк құпияларды қорғауға жәрдем ету;
халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту;
Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру;
ғылыми зерттеулер нәтижелерiн iске асыруды мониторингтеу.
10. Комитеттiң заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарға құқығы бар:
1) мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан және заңды тұлғалардан Комитетке жүктелген функциялар мен мiндеттердi жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат сұратуға және алуға;
2) заңды және жеке тұлғаларға Комитеттiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсiнiктемелер беруге;
3) ғылыми зерттеулер нәтижелерiнiң сараптамаларын, талдауларын, бағалаулары мен сынақтарын жүргiзудi ұйымдастыруға және ұсынымдық сипаттағы қорытындылар шығаруға;
4) Комитеттiң белгiленген қызмет саласына жатқызылған мәселелердi пысықтау үшiн белгiленген тәртiппен ғылыми және өзге де ұйымдарды, ғалымдар мен мамандарды, оның iшiнде шетелдiк мамандарды тартуға;
5) шетелдiк мемлекеттердiң мемлекеттiк билiк органдарымен және халықаралық ұйымдармен белгiленген тәртiппен өзара iс-қимыл жасауға;
6) ғылыми-техникалық қызмет саласында консультативтiк-кеңесшi және сараптамалық органдар (кеңестер, комиссиялар, топтар, алқалар) құруға;
7) мемлекеттiк кәсiпорындар мен өзге де ғылыми ұйымдарды құру, қайта құру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |