Bestprofi Logo

Қаулы № 961 от 2007-10-17г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 қазандағы N 961 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1. "А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты" және "Д.В.Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары қайта құру жолымен тиісінше жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты" және "Д.В.Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты" акционерлік қоғамдары (бұдан әрі - қоғамдар) болып қайта ұйымдастырылсын.

2. Қоғамдар қызметінің негізгі мәні ғылым саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

2) қоғамдарды Қазақстан Республикасының Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

3) қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне беруді қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін Қазақстан Республикасының заңнамасына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге беруді қамтамасыз етсін.

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 қазандағы N 961 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание