Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 қазандағы N 961 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты" және "Д.В.Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары қайта құру жолымен тиісінше жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты" және "Д.В.Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты" акционерлік қоғамдары (бұдан әрі - қоғамдар) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғамдар қызметінің негізгі мәні ғылым саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қоғамдардың жарғыларын бекітуді;
2) қоғамдарды Қазақстан Республикасының Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
3) қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне беруді қамтамасыз етсін.
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 27.07.2009. № 1148 Қаулысымен. (17.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикаcының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 қазандағы N 961 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулының 2-қосымшасында:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Алматы қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 123-112, 123-113-жолдармен толықтырылсын:
"123-112 "А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты" АҚ;
"123-113 "Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты" АҚ".
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулыға қосымшада:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті" деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 222-38, 222-39-жолдармен толықтырылсын:
"222-38 "А.Б.Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты" АҚ;
"222-39 "Д.В.Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты" АҚ".
3. "Кейбір акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамының жарғылық капиталына беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 қазандағы N 1020 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 18, 19-жолдармен толықтырылсын:
"18. "А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты" акционерлік қоғамы";
"19. "Д.В.Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты" акционерлік қоғамы".
4. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі N 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 27, 290-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 16-2, 16-3-жолдар алынып тасталсын.
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (27.07.2009 ж. редакцияны қараңыз)
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 683 Қаулысымен (05.08.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |