1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Балалардың құқықтарын қорғау комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
-
Продукты:
Судебная практика
Судебная практика
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Балалардың құқықтарын қорғау комитетiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы N 36 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының Yкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Балалардың құқықтарын қорғау комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Комитет туралы ереже;
2) Комитеттiң құрылымы бекiтiлсiн.
3. Комитеттiң төрағасына екi орынбасары болуға рұқсат берiлсiн.
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы,
2004 ж., N 40, 522-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi туралы ережеде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
"Балалардың құқықтарын қорғау комитетi.";
2) "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктердiң, агенттiктер мен ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
"Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген реттiк нөмiрi 12-жолда:
"Штат санының лимитi" деген бағанда "297" деген сандар "317" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Балалардың құқықтарын қорғау комитетi 20".
5. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 13 қаңтардағы N 36 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Балалар құқықтарын қорғау комитетi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Балалар құқықтарын қорғау комитетi Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң құзыретi шегiнде балалар құқықтары мен олардың заңды мүдделерiн қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi функцияларды, сондай-ақ оның құзыретiне жатқызылған саладағы арнайы атқарушылық және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Комитеттiң негiзгi мiндетi балалар құқықтары мен олардың заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк саясатты iске асыру болып табылады.
2. Комитет өз қызметiн ҚР Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға, сондай-ақ осы ережеге және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетiнде шоттары болады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |