• Мое избранное

Отправить по почте

1

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлiк қоғамын құрудың кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі N 301 Қаулысы

Редакция 19.08.2022 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.
2. Қоғам қызметінің негiзгi мәнi шетелде кадрлар даярлаудың, қайта даярлаудың және білiктілiгiн арттырудың халықаралық бағдарламалары, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенiн жүзеге асыру болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Қоғамның жарғылық капиталын 120000000 (бiр жүз жиырма миллион) теңге мөлшерiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен қалыптастыруды қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитеті заңнамада белгіленген тәртiппен: 
1) Қоғамның жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
2) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiне иелік ету және оны пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне берсiн; 
5. Қоғам сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар шетелде кадрлар даярлаудың, қайта даярлаудың және бiлiктілiгiн арттырудың халықаралық бағдарламаларын iске асыру, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясы жөнiндегі қызметтердi көрсетуші болып белгіленсiн.
6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзілсiн: 
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердің тiзбесiнде: 
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 21-62-жолмен толықтырылсын: 
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде: 
"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 222-30-жолмен толықтырылсын: 
3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.08.2022 жылғы № 581 Қаулысымен (04.04.2005 ж. редакцияны қараңыз)
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.